» » Менингококкты инфекциялар

Менингококкты инфекциялар

Менингококкты инфекция – жедел респираторлы бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы механизмімен берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен, септицемиямен, аурудың симптомсыз түрінен бастап, іріңді менингококкты сепсиске дейінгі клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы – менингококк (Neisseria meningitides) менингитпен ауырған адамдардың жұлын сұйықтығынан бөлінген. Менингококк Neisseria тұқымдастығына, Neisseriacea туыстығына жатады. Менингококк экзотоксин түзбейді, бірақ клетка ыдырағанда өте күшті эндотоксин бөлінеді. Менингококктар қоршаған орта факторларына төзімсіз. Температураның оптималды жағдайын ауытқуы, құрғатылу тез өлтіреді.
Жұқпа көзі – науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Көбінесе бактерия тасымалдаушылар қауіпті болып табылады (организмдерінде микробтар бар, бірақ өздері сырқаттанбайды), себебі оларда аурудың ешқандай клиникалық көріністері байқалмай жүре береді.
Жұқпа қалай тарайды? Берілу жолы – ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде). Менингококк қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз. Микроб сау адамның ағзасына науқас адам немесе тасымалдаушымен ұзақ уақыт бойы қарым – қатынаста болғанда, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді (жанында ұйықтағанда, бірге тамақтанғанда, оқығанда, тәрбиеленгенде). Жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында сырқат пайда болады. Сырқат адам қоршаған адамдарға бірінші күннен бастап қауіпті. Сырқаттанушылықты қабылдағыштық өте жоғары. Менингококты жұқпа барлық жерде, бүкіл әлемде кездеседі. Көбінесе иммунитеті төмен 1-2 жастағы балалар жиі ауырады.
Клиникалық көріністері: сырқат жедел дене қызуының көтерілуімен басталып (37,5-38,0°C), бастың ауыруымен, мұрын бітуімен, жұтыну кезінде ауру сезімімен сипатталады. Менингококты менингит дене қызуының кенеттен 39-40°C дейін көтерілуімен, қалтыраумен басталады. Бастың қатты ауыруы (сәбилерде кенеттен қатты жылау болады), балалар мазасызданып, басын ұстайды. Сонымен қатар, тағам қабылдаумен байланыссыз, көп реттік құсу болады. Ерте жастағы балаларда құрысулар дамиды. Менингококты менингитпен ауырған бала бүгілген тізесін қолымен денесіне апарып, қырымен жатады. Басын төсіне қарай бүгу әрекетін жасау кезінде мойын және шүйде бұлшық еттерінің қарсыласуы болады. Егерде иммундық жүйесі төмендеген болса, микроб ары қарай қанға өтіп, аяқта, жамбаста дененің қырында жұлдыз тәрізді, басқанда жоғалмайтын қызыл (көгерген) бөртпелер пайда болады. Ары қарай бүйректің зақымдалуымен, бас миының қабынуымен, инфекциялық-токсикалық шокпен, ауыр жағдайда өліммен аяқталатын менингококты инфекцияның ең ауыр түрі – менингококты сепсис дамиды. Аурудың жасырын кезеңі – 3-10 күн.
Жедел назофарингит – ең жиі кездесетін түрі. 1-3 күн дене қызуының аздап көтерілуі мен әлсіздік, жалпы улану белгілері (бас ауруы, бас айналу) болады. Сонымен бірге мұрынның бітелуі, кілегей қабаттарының қызаруы, құрғауы білінеді.
Менингит: ауру жедел басталады. Қалтырау және дене қызуы 38-40ºC-қа көтерілуі болады. Ауру жалпы әлсіздікпен, көз алмасының ауырсынуымен, маңдай, самай, сирегірек шүйде аймақтарының ауырсынуымен сипатталады. Ал кішкентай баланың анасы аурудың қай уақытта басталғанына дейін айта алады. Ауру біртіндеп күшейе бастайды. Басының ауырғаны күшейіп, анальгетиктерге басылмайды. Науқастың жағдайы күрт төмендеп, ақыл-есі бұзыла бастайды. 10-14 сағаттың ішінде аяқ-қолдарының терісіне жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер шыға бастайды. Ауыр түрінде геморрагиялық элемент өте үлкен ортасында некроз болады. Көз склерасында, мұрын жұтқыншақтың кілегей қабатына қан құйылулары байқалады. Мұрыннан, асқазаннан, жатырдан қан кету болады. Науқасты қараған кезде менингиальды симптомдар аңғарылады. Шүйде бұлшық етінің тартылуы, Керниг, Брудзинский симптомы, жарықтан қорқу, гиперестезия дамиды. Науқас көбіне бір қырынан, аяқ-қолдарын жинап («ит тәрізді») жатады.
Ал менингоэнцефалит дамығанда, ауру ауыр ағымда, айқын энцефалиттік көріністермен, жедел менинеалды және жалпы улану белгілерімен сипатталады. Жалпы милық белгілер тез дамиды. Ошақты белгілер – спастикалық геми және парапарездер дамиды.
Аурудан кейін қандай асқынулар мен әсерлер болуы мүмкін? Сырқаттанғаннан кейін – саңыраулық, балаларда саңырау –мылқаулық, кей кезде сал ауыруы, бас миының зақымдалуы дамиды. Үй жағдайында емдеу шарасымен айналыспай, үйге дәрігер немесе жедел жәрдем көмегін шақырту қажет. Неғұрлым білікті медициналық көмек көрсетілсе, аурудан сауығу нәтижесі тез, әрі тиімді болады.
Алдын алу және сақтану жолы:
Иммунитетті жоғарылату, ауруға қарсы алдын ала екпе жасату, ауру адамдармен тікелей қатынаста болмау. Жеке бас гигиенасын (тағам дайындар алдында және ас ішер алдында, ауырған адамды күту кезінде, дәретханадан кейін қолды мұқият жуу) сақтау. Бөлмелерді жиі желдету, ұйымдасқан мекемелерде ылғалды тазалауды күнделікті жүргізу. Сапасыз тағам өнімдерін пайдаланбау. Қауіпсіздігі кепілдендірілген суды (қайнатылған су, бөтелденген суды) қолдану. Ұйымдастырылмаған орындарда, оның ішінде жартылай кеуіп қалған су қоймаларда және тоғандарда суға шомылуға тыйым салу. Өз-өзін емдеумен айналыспай, ауруға күдіктенген жағдайда дәрігерге қаралу, кез келген ауруды дер кезінде емдеу. Дұрыс тамақтанып, ұйықтау. Жаман әдеттерден сақ болу. Басыңызды зақымдап алсаңыз міндетті түрде дәрігерге көрсету. Кез келген ЖРВИ-де парацетамол емес, вирусқа қарсы препараттарды қабылдау. Жақындарыңызда менингококкты инфекция ауруларының белгілерін байқасаңыз тезірек жедел жәрдем шақырыңыз.
Есіңізде болсын! Медицина мекемелеріне ерте қаралып, дер кезінде қабылданған ем толық айығуға кепілдік береді. Осындай аурулардың ауруханаларға кешігіп түсуі аурудың асқынуына, кейбір кезде өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
О.Аханов,
аудандық ҚДСБ басшысы.
02 маусым 2018 ж. 1 422 1

Гость Jeaplause от 4 ақпан 2019 01:41
Cialis 20 Mg Effetti Collaterali order generic accutane Buy Real Zithromax cialis 5mg Prix Du Clomid Vallee D Aoste Para Que Sirve Cialis 20 Mg Viagra Diventa Generico Cash On Delivery Progesterone Amex Cheap Feline Urinary Tract Infection And Amoxicillin viagra Treat Hives From Keflex Order Generic Cialis Online Cialis Faut Il Une Ordonnance Viagra Erfahrungsberichte Internet canadian pharmacy cialis Amoxicillin Otc Cialis Maux De Ventre Cialis 20 Mg Effetti Cephalexin Generation Cephalosporin cialis acheter pharmacie Daily Cialis Without A Prescription Photos Of Amoxil Pills Mejor Hora Para Tomar Propecia Keflex Parrots sertraline overnight Propecia Directions Comprar Cialis Fabrica Zithromax Prescription Cost Syphilis And Amoxicillin 1g Cialis Pas Cher Paypal sildenafil efectos Web Md Keflex Levitra Sin Receta Orlistat En Ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930