» » ТЖК дабыл қағуда: Демалыс күндері Қазақстанда 20 адам суға батып кетті

ТЖК дабыл қағуда: Демалыс күндері Қазақстанда 20 адам суға батып кетті


Өткен сенбі және жексенбі күндері Қазақстанда 20 адам суға шомылу кезінде мерт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеп.
Министрліктің ақпараты бойынша, Шығыс Қазақстан облысында (5), Қызылордада (3), Қарағандыда (3), Солтүстік Қазақстанда (2), Алматы (1), Қостанайда (1), Ақмола (2), Батыс Қазақстан облысында (1) , Астана (1) және Алматы қалаларында (бір) адам суға кетіп көз жұмды.
Төтенше жағдайлар комитеті осы қайғылы оқиғалардың орын алуына байланысты халыққа су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және суға түсуге арналмаған жерлерде шомылмауды тағы да еске салады.
ТЖК-нің айтуынша, азаматтар үнемі құтқарушылардың кеңесіне назар аудармайды.
Мысалы, Қостанайда тексеру кезінде құтқарушылар азаматтарға суға түсуге арналмаған жерлердің қауіпті екенін ескертіп, ондай су қоймаларында шомылмауға кеңес берген. Алайда, азаматтар құтқарушылардың ескертуіне құлақ аспай, суға батып кетіп жаздады. Өкінішке орай, оларды құтқарып қалған адамның өзін суға батып, көз жұмған.



Stan.kz
09 шілде 2018 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9552)

28 қыркүйек 2019 ж.

№75 (9551)

24 қыркүйек 2019 ж.

№74 (9550)

21 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031