» » МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30% ӨСЕДІ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30% ӨСЕДІ


Елбасы Жолдауында айтылғандай, мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейеді. Педагогтар үшін қандай өзгерістер болатыны туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің директоры Бақытжан Сайлыбаев мәлімдеді.
- Біздің облыста 20 460 мұғалім бар. Олардың 67% жаңартылған мазмұнмен білім береді, - деді Бақытжан Сайлыбаев.
30 пайыздық өсім осы жылы 1, 2, 5, 7 сынып мұғалімдеріне, қыркүйек айынан бастап 3, 6 және 8 сынып ұстаздарының, 2019 жылдың қыркүйегінен 4, 9, 10 сынып және 2020 жылдан бастап 11 сынып мұғалімдерінің жалақыларына қосылады.
Сондай-ақ, төлемнің жаңа жүйесі енгізілмек. Енді педагогтардың біліктілік деңгейі ескеріледі. Категориялары ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижесімен сараланады. Расталған соң, олардың жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін көтеріледі.
Жаңа жүйе бойынша 15 жылдық жұмыс өтілі бар, қалалық мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы 147 000 теңге, ал ауылдық жерлердегі ұстаздардың айлығы 179 000 теңге болады. Ал, категориясы жоқ, 3 жыл жұмыс өтілі ғана бар педагогтар (қалалық деңгейде) 107 400 теңге, ауылдық жерлерде білім беретін мұғалімдер 130 700 теңге айлық алады.

17 қаңтар 2018 ж. 924 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 222

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930