» » Жаңа жыл түні ЭКСПО мұз қалашығында мерекелік концерт болады

Жаңа жыл түні ЭКСПО мұз қалашығында мерекелік концерт болады

Биыл 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 03:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздары ЭКСПО мұз қалашығында, сондай-ақ қалалық әкімдіктің жанындағы қалалық алаңда ашық аспан астында баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. 2018 жылды қуанышты атмосферада қарсы алам деушілер үшін Досымжан Таңатаровтың, Маржан Арапбаеваның, ағайынды Жүгінісовтердің, Достың, Күләйым Қайырбаеваның, Альбина Оганесянның, «АРТ Домбыра» триосының қатысуымен шоу-бағдарлама мен концерт әзірленді. Мұнымен қоса, «Қызыл өрік» және «Мария Магдалена» хиттерін орындаушылар – Ақылбек Жеменей мен Асхат Тарғынов та жаңажылдық түнді елорда тұрғындарымен және қонақтарымен өткізеді.
Жаңа жыл түні шараға қатысушылар мерекелік отшашу тамашалайды. 2018 жылды қарсы алуға орайластырылған отшашу елорданың үш ауданында болады – ЭКСПО аумағында, Есілдің жағалауында және Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының бойында.
29 желтоқсан 2017 ж. 752 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 221

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 276

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930