» » Ғалымдар: Қант адам өмірін ұзартады

Ғалымдар: Қант адам өмірін ұзартады

Американың Бригхем ауруханасындағы зерттеу орталығының сарапшылары қант пен көмірсулардың жалпы қаупі туралы барлық аңызды толығымен жоққа шығарып, олардың адам өміріне пайдалы екенін анықтады. Ғалымдардың зерттеуі қантты қалыпты мөлшерде қолдану адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығының өсуіне әкелгенін көрсетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.



Шамамен 25 жыл бұрын сарапшылар 45-64 жастан асқан 15 мыңнан астам еріктілерден сұхбат алып, өздерінің зерттеуін жүргізді. Сарапшылар сауалнамаға қатысушылардан күнделікті тамақтану рационы туралы нақты жауап берулерін және олардан белгіленген килокалорияны сақтауды сұрады. Ғалымдар қатысушыларға 500-ден 4200 килокалорияға дейін пайдалануға рұқсат берді.


25 жылдық бақылаудан ғалымдар белгілі бір медициналық себептер бойынша 6 мыңнан астам адамның қайтыс болғанын анықтады. Ал, олар тамақтану рационын сақтамағандар.

25 жыл бұрын зерттеуге қатысқан және аман қалғандардың тамақтану тәртібін талдаған ғалымдар көмірсулар мен қанттың қалыпты мөлшері денсаулықты нығайтып, жүрек-тамыр жүйесі жұмысының «сенімділігін» арттырады деген қорытындыға келді. Олардың зерттеуі «қант пен көмірсуды» қалыпты мөлшерде тұтынғандардың орташа өмір сүру ұзақтығы 33 жылға ұзарғанын көрсетті.
Енді зерттеушілер қандай тамақтану рационына арналған практикалық ұсыныстардың аурулардың белгілі бір тобына шалдыққан науқастарға беру керек екенін анықтауда.

Stan.kz



23 тамыз 2018 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30