» » Алматыда жалғызбасты ана үш баласымен жартылай бұзылған үйде күнелтіп жүр

Алматыда жалғызбасты ана үш баласымен жартылай бұзылған үйде күнелтіп жүр

ÐлмаÑÑда жалÒÑзбаÑÑÑ Ð°Ð½Ð° Ò¯Ñ Ð±Ð°Ð»Ð°ÑÑмен жаÑÑÑлай бұзÑлÒан үйде өлеÑÑÑÒ£ күнÑн кеÑÑп жүÑ

Алматыда жалғызбасты ана үш баласымен өрттен зардап шеккен үйде тұруға мәжбүр. Онда газ да, жарық та жоқ. Өрт кезінде үйдегі бағалы заттардың бәрі жанып кеткен. Ендігі анасы балаларын мектепке беруге қамдана да алмай отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Роза Ремқұлованың сөзінше, оның отбасы далада қалды деуге болады. Өрттен кейін зардап шеккен екі қабаттың үйдің тек бір бөлмесі тұруға жарамды. Ендігі әйел 11 жасар қызымен еденде жатып ұйықтайды. Ал 9 жасар егіз ұлдарын төсекке жатқызады екен. Үйдегі қалған заттың бәрі жанып кеткен.
Өрттен жартылай бұзылған үйде жылу да жоқ. Сонымен қатар 13 мың теңге қарызы үшін жарықты да өшірген екен.
Дәмханада ыдыс жуып, көкөніс тазалап нәпақа тауып отырған жалғызбасты әйелге ажырасып кеткен күйеуі мүлде көмектпеспейтін көрінеді. Ал күніне табатын 2 мың теңгесі тамаққа да жетпейді.
Жалғызбюасты ананың үйінде өрт шыққанға дейін де жағдайлары мәз болмаған. Ал қазір жағдайы одан сайын ушыға түскен.
«Мектепке баратын уақыт таяп қалды. Оларды қамдай алмадым. Балаларыма қажет заттарын алып беріп, 1 қыркүйекте ел қатарлы сабаққа барғанын қалар едім. Әкімдікке, мемлекеттік органдарға бардым. Ол жерде балаларыма бірнеше мың теңге бөлінетінін айтты. Алайда қаншама құжат жинау керек. Менің жол жүруімнің өзіне мұншалықты ақшам жоқ», – дейді жалғызбасты ана Роза Ремқұлова.
Розаның үлкен қызы биыл 6-сыныпқа барады, ал егіз ұлдары 3-сыныпқа баруы тиіс. Тұңғышы 1 қыркүйекте мектеп табалдырығынан аттай алмай қаламын ба деп қорқады. Оның мектепке киіп баратын киімі де жоқ.
«Мен мектепке қалай барамын деп уайымдаймын. Анам да уайымдайды. Сол үшін түнімен ұйықтамайды», – дейді Розаның тұңғышы.
Алда суық маусым келе жатыр. Балаларға жылы киім мен аяқ киім керек. Бастысы, үйді қалпына келтіріп, газ бен жарық қосу керек, деп санайды Роза.
Байланыс нөмірі: +7-747-468-76-75


Stan.kz


29 тамыз 2018 ж. 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30