» » Енді теміржол билеттерін жеңілдікпен сатып алуға болады

Енді теміржол билеттерін жеңілдікпен сатып алуға болады


Қазақстанда бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерін 25 пайыз жеңілдікпен сатып алуға болады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputnik Қазақстан хабарлады.

“Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бағдарлар бойынша жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтердің шекті тарифтерін анықтаудың жаңа әдістемесі бекітілді. Соған сәйкес, сатып алған күніне және пойыздардың жүктемесіне байланысты билет бағасының өзгеруін қарастыратын динамикалық тарифтік бағаны белгілеу енгізілді”, — деп жазылған хабарламада.
Бірінші кезеңде тарифтік бағаны белгілеу пилоттық режимде екі облысаралық және қала маңына қатынайтын бағыттарға енгізілді. Олар №3/4 Алматы –Астана – Нұрлы жол, №085/086 Астана 1- Сарыағаш бағыттары. Ал, 8 наурыздан бастап №853/854 Астана-Қарағанды бағытында іске қосылмақ. Кейін жаңа тәртіп  әлеуметтік маңызы бар барлық бағыттар бойынша жүретін пойыздарды қамтитын болады.
“Аталған пойыздарда “-25%” және  “+25%” дәлізінде динамикалық баға белгілеуді қамтитын тарифтік бағалар кестесі енгізілді. Осылайша, билетті ертерек сатып алатын  жолаушының оны базалық бағадан төрт есе төмен бағада сатып алу мүмкіндігі бар. Пойыздың жүретін күні жақындағанда және белгілі бір бағытқа сұраныс артқан кезде билет құны өсетін болады”, — деп хабарлайды министрлік.
Аталған пойыз билеттерін 2018 жылдың 23 қаңтарынан бастап сатып алуға болады.
24 қаңтар 2018 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031