» » Астанада "Бәйтерек" монументі жабылады

Астанада "Бәйтерек" монументі жабылады



Астананың басты нышаны "Байтерек" монументі 1-ші қазаннан 7-ші қазанға дейін уақытша жабылады, деп хабарлайды қалалық мәдениет және спорт басқармасы. 
Монумент жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты жабылады. 
Осы уақытта ғимараттың шыны құрылымы жуылады, ішіндегі қабырғалары әктеледі, сонымен бірге шағын ақаулар жөнделмек. Сондай-ақ монумент жылу науқанына дайындалады. 
"Бәйтерек" қала тұрғындары мен қонақтары үшін 8 қазанда ашылады. Ол сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Бәйтерекке кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін — 500 теңге және ересектер үшін — 700 теңге. 
Бұған дейін монументті жөнге келтіру жұмыстары 21-28 мамырда жүргізілген еді. Соңғы төрт айда 300 мыңнан астам адам "Бәйтеректі" тамашалаған. 

sputniknews.kz
27 қыркүйек 2018 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031