» » Facebook жұлдызы атанған шымкенттік егіз әжелер: Өзімді жасарып кеткендей сезіндім

Facebook жұлдызы атанған шымкенттік егіз әжелер: Өзімді жасарып кеткендей сезіндім

Шымкенттік 70 жастағы Фатима Исақова мен Зәуре Беркімбекова Қазақстандағы ең жасы үлкен Facebook пайдаланушылары, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі «Замана» газетіне сілтеме жасай отырып.

Facebook жұлдÑÐ·Ñ Ð°ÑанÒан ÑÑмкенÑÑÑк егÑз ÓжелеÑ: ӨзÑÐ¼Ð´Ñ Ð¶Ð°ÑаÑÑп кеÑкендей ÑезÑндÑм


Екі әжей де 20-дан астам немересі бар көп балалы аналар. Басылымның тілшісіне берген сұхбатында олар ғаламтормен қалай танысқандарын және әлеуметтік желімен қалай дос болғандарын әңгімеледі.

«Өткен жылы балалар туған күніме смартфон сыйлады. Алғашында жаңа телефон ыңғайсыз болып көрінді. Бірақ не істеу керек, ақыры сыйлаған екен пайдаланып көрейін дедім. Содан іске кірістім. Бір-екі рет үлкен немеремнен сыйлықты қалай пайдалануға болатындығын сұрап, қалғандарын өзім меңгердім. Жаңа хоббиге қызығып кеткенім сонша, тіпті егіз әпкем Фатиманы да осыған әуестендірдім. Содан оған бар білетінмінді үйреттім.
Әр жолы өзіме жаңа нәрсе ашқан сайын мұны өзім істегендей қуандым. Әсіресе Facebook-та тіркелгенде қатты қуандым. Мен өзімді жасарып кеткендей сезіндім. Немерелерімнің әңгімелерінен Facebook-тің қаншалықты қызықты екенін біліп, оған қосылуды шештім.

Жылдың басында өзімнің жеке парақшамды ашып, уақыт өте еліміздің түрлі аймақтарынан достар таптым. Кейде олармен әңгімелесіп, жаңалықтармен бөлісемін. Мен олардың арасынан егде жастағы адамдарды кездестіргенде қатты қуанамын. Мен түрлі топтардың мүшесі болдым. Әзірге желідегі достарым көп емес. Дегенмен, белсенділікті арттырып, достардың санын 5 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмын», – дейді Зауре апай.
Алайда, егіз әжелер желі қолданушылардың ашық-шашық фотосуреттері мен жекелеген пайдаланушылардың жеңілтек жазбаларына қынжылатындарын мойындады.
Фатима апай жартылай жалаңаш қыздардың жасанды сұлулығын ұнатпайды. Ол қасы және ерні жасанды бойжеткендерге ескерту жасаудан шаршаған жоқпын дейді.
Әжелер пайдаланушылармен өз білімімен, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, барлығын төзімді және шыдамды болуға шақырады.

«Бастапқыда біздің замандастарымыз бізді жаңа хоббиден бас тартуға шақырды. Олар «бұл жастар үшін ғана қызықты» деп көндірумен болды. Бүгінде олардың өздері де қатарымызға қосылып, Facebook-тың белсенді пайдаланушылары болды. Алғашында біз туыстарымыз бен достарымыздың жаңалықтарын, фотосуреттерін көргенімізге қуанатынбыз.

«Лайк» қою қызықты болғаны соншалық, тіпті өз суреттерімізге де «лайк» басып жібергенбіз. Мұны байқаған қыздарымның бірі өз жазбаңа «лайк» қоюдың қажеті жоқ екенін айтты. Осыдан кейін біз өзімізге лайк қоюды тоқтаттық. Бірақ, немерелердің телефонға қалай кіріп кеткенін көргенде, олар бізден өнеге алып жатыр ма деп ойланып қалдық. Содан кейін оларды дүниежүзілік тордың зиянды әсерінен қорғау үшін өзімізді шектей бастадық », – деп мойындайды егіздердің бірі Фатима апай.


Stan.kz 



03 қазан 2018 ж. 595 0