» » Лауазымды тұлғаларға сыйлық бергендерге 2,9 млн теңге айыппұл салынды

Лауазымды тұлғаларға сыйлық бергендерге 2,9 млн теңге айыппұл салынды

Жыл басынан бері салық төлеушілер және мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан лауазымды тұлғаларға қораптағы кәмпиттерді сыйға тартудың 3 фактісі, 500-3000 теңге соммадағы ақшалай сыйақы берудің 9 фактісі әшкереленді.



ERNUR.KZ. 2018 жылдың басынын бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (ҚР ҚМ МКК) мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, салық және кедендік әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және мемлекеттік қызметті көрсету салаларындағы алдын алу шараларымен қатар, "тұрмыстық жемқорлық" деп аталатын көріністердің алдын алу шараларын ұйымдастыруда, деп жазады BNews.

"Жеке жағдайларда, салық төлеушілер және мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан лауазымды тұлғаларға заңсыз сыйлық сыйлау, сондай-ақ 2 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ақшалай сыйақы беру орын алуда. Аталған бағытта ҚР ҚМ МКК-мен тұрақты түрде және барлық деңгейде жұмыс атқарылуда, осы салада ұйымдастырылған профилактикалық іс-шара барысында мемлекеттік кірістер органдарының тұрғындармен қызмет бабында байланысып отырған жеке құрамына ерекше назар аударылуда (аудандық, қалалық Мемлекеттік кірістер басқармалары, Кедендік рәсімдеу орталықтары және тағы басқа)", - делінген хабарламада. 2018 жылдың басынын бастап Ішкі қауіпсіздік бөлімшелері лауазымды тұлғаларға заңсыз сыйлық сыйлау, сондай-ақ 2 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ақшалай сыйақы берудің 12 фактісін әшкереледі. Атап айтқанда, қораптағы кәмпиттерді сыйға тартудың 3 фактісі, 500-3000 теңге соммадағы ақшалай сыйақы берудің 9 фактісі. Бүгінгі күнге 9 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Одан басқа, 3 әкімшілік өндірістің құжаттары өндірісте болып қарастырылуда. "ҚР ҚМ МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасы мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық жасау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жататынын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін екені туралы назарларыңызға жеткізеді", - деп хабарлады ведомствода. Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері туралы Астана қаласы Бейбітшілік даңғылы, 10 мекенжайында орналасқан ҚР ҚМ МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасына немесе 8(7172)709820 және 1412 Call-орталықтың нөміріне, сонымен қатар http://kgd.gov.kz ресми сайтында орналасқан мекенжайлар мен телефондар арқылы аумақтық бөлімшелеріне хабарламаны жолдауға болады.


ERNUR.KZ
12 қазан 2018 ж. 293 1

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 21:35
Kamagra Oral Jelly Kaufen Deutschland viagra Cvs Propecia Male Pattern Baldness

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031