» » Төреғали Төреәлінің ұшақтағы оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Төреғали Төреәлінің ұшақтағы оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

ТөÑеÒали

“Эйр Астана” әуе бортына рұқсатсыз кіріп кеткен әнші Төреғали Төреәлінің ісі жалғасын тапты. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанғасілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға қыркүйек айында болған еді. Әнші отбасымен бірге әуежай зонасы мен ұшақ салонына кіріп кеткен. Алайды ол аталған рейстің жолаушысы болмаған. Соның кесірінен Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ уақытынан кешігіп ұшқан.
Кейіннен Алматы халықаралық әуежайы аталған іске қатысты пікір білдіріп, әуедегі қауіпсіздік шараларының бұзылғанын растады. Олар болған іске кінәлілердің жазаланатынын айтты. Ақырында 4 қызметкерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Алайда полийиядағылар мұнымен шектелмей, қылмыстық іс қозғаған. Олар мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
ІІД 1992 жылы туған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Аталған бап бойынша, күдікті өз кінәсін мойындаса, бір мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Stan.kz


15 қазан 2018 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031