» » 2 миллионнан астам қазақстандық баспанамен қамтамасыз етіледі

2 миллионнан астам қазақстандық баспанамен қамтамасыз етіледі

Алдағы 5 жыл көлемінде 2 миллионнан астам қазақстандық баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы барысында қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.


2 миллионнан аÑÑам ÒазаÒÑÑандÑÒ Ð±Ð°Ñпанамен ÒамÑамаÑÑз еÑÑледÑ

«Қазақстан тұрғындары үшін тұрғын үй ипотекасына қолжетімділікті арттырып, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Президент оны жүзеге асыру мерзімін тағы 5 жылға ұзартқан болатын. Алдағы 5 жылда мемлекеттік бағдарлама бойынша 650 мыңнан аса тұрғын үй немесе 76,6 миллион шаршы метрді салуды жоспарлап отырмыз. Бұл арқылы 2 миллионнан аса азамат баспанамен қамтамасыз етіледі», – дейді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар қаржы министрі «7-20-25» бағдарламасы аясында алдағы 5 жылда 100 мыңнан аса отбасы баспаналы бола алатынын айтты.
«Жалдамалы тұрғын үй құрылысын арттыру үшін3 жылдың көлемінде қосымша 30 миллиард теңге бөлінеді. Ол 250 мыңнан аса отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», – дейді Смайылов.

Stan.kz 






18 қазан 2018 ж. 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031