» » Астаналық әйелден атына заңсыз тіркелген 223 көлік үшін айыппұл төлеуін талап еткен

Астаналық әйелден атына заңсыз тіркелген 223 көлік үшін айыппұл төлеуін талап еткен

Астана тұрғыны өз атына 223 көліктің заңсыз тіркелгенін айтып шағымданды. Айтуынша, салықшылар оны меншігінде жоқ көліктер үшін айыппұл төлеуге мәжбүрлеген. Сорақысы сол, мұндай жайты Алматы мен Астана қалаларында көп көрінеді. Себебі одан басқа мың тұрғын өзгенің салығы өтелмегені үшін жауапкершілікке тартылыпты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

ÐÑÑаналÑÒ Óйелден аÑÑна заңÑÑз ÑÑÑкелген 223 көлÑк Ò¯ÑÑн айÑппұл ÑөлеÑÑн Ñалап еÑкен





Елордадағы шағын компанияда менеджер болып жұмыс істейтін Әсел Сәменованың атына 223 көлік тіркелген. Артынша жауаптылар одан әр көлік үшін салық төлеуді талап еткен. Осылайша оның мемлекетке 5 миллион теңге қарыз екенін айтып, шоттарының бәрін жауып тастаған. Соның нәтижесінде жалғызбасты ана 2 ай бойы жалақы ала алмай отыр.

«Атымда «Лексус», «Прада» сынды джиптер мен «Камаз» тіркелген. Тізімді көргенде таң қалдым. Менде автокөлік болған емес. Ал екі жүзден астам темір тұлпардың өз иелері бар болып шықты. Әкімшілік полиция да  менің атымда көлік жоқ деген анықтама беріп тұр. Кімнің кінәлі екенін сол күйде таппадым», – дейді Әсел Сәменова.

Сот орындаушыларымен алысып, өзінің 200-ден аса көліктің иесі емес екенін дәлелдемек болған Әсел айыппұлдан құтылған. Алайда 223 көлік өз атында әлі тұрған көрінеді. Ол бұл жайт үшін тағы қиналып қаламын ба деп қорқып отыр.

Ал салықшылар саннан қате кеткенін айтып, кешірім сұраумен шектелді.

«ЖСН бір саннан қате кетіп қалған. Сол себепті 223 көлік сол кісінің атындаболған.  Көлік атына тіркелген қарындасымыздан кешірім сұраймыз, – дейді ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті Қоғаммен байланыс басқармасының  басшысы Олжас Отар.

Тек Сәменова емес, Астана мен Алматыда мың адамның атына осылай заңсыз мүлік рәсімделген екен. Мәжіліс депутаты Шакир Хахазовтың сөзінше, адамнан меншігінде жоқ мүлік үшін салық, кейін айыппұл талап ету  салықшылардың ескі әдеті. Осындай жайтқа душар болғандар қарызы жөнінде салық қызметкерлерінен бір-ақ біледі екен. Ал қаржы министрлігі мұндай әрекеті үшін қызметкерлерін жазаламаған.

Өз сөзінде мәжіліс депутаты Алматы қаласының тұрғыны Бауыржан Сүлейменовтің жағдайын мысалға келтірді. Оның жол ережесін бұзғаны көрсетіліп, айыппұл төленбегені үшін банктегі шоттары жабылған екен. Ал ол азаматтың ешқашан көлігі болмапты. Кейіннен айыппұл Шымкентте  тұртын Бауыржан Сүлейменовпен аттас 11 айлық балаға жазылғаны белгілі болған.

Ендігі мәжіліс депутаты Қазақстанның қаржы министрінен бассыздықты тоқтатуын талап етіп отыр.


Stan.kz 








06 желтоқсан 2018 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 349

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31