» » Қазақстанның еңбек ері өзіне берген көлікті мүгедек балаларға сыйлады

Қазақстанның еңбек ері өзіне берген көлікті мүгедек балаларға сыйлады

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында “Біз біргеміз” шарасы өтті. Шара барысында Қазақстанның Еңбек ері Құралай Байменова өзіне берілген көлікті мүгедек балалар қоғамдық бірлестігіне берді.



“Өмір – күрес. Өмірге келдің бе, ешнәрсеге қарамастан күресуің керек. Адам алдына мақсат қойса, соған ұмтылса, діттеген мақсатына жетпей қоймайды. Әрине, жақындарының, достарының қолдауы керек. Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар Құралай Базарбайқызының қолдауымен өмірге талпынысы жоғалтқан емес. Соның арқасында отбасын құрып, немере сүйіп отыр. Бастысы іште тынбай, қоғамға көмегін тигізуде. Ақтөбеліктер жерлесімізді қолдап, құрметті атақ берген елбасыға алғыс айтамыз”, – дейді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Шара барысында өңір басшысы Құралай Базарбайқызына көлік кілтін табыстады. Ал, Құралай Базарбайқызы көлікті “Ғажап” атты мүгедек балалардың қоғамдық бірлестігіне сыйлады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Жайна» мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту ауруханасы, Қазақ мүгедектер қоғамы аймақтық филиалы, «Қазақ соқырлар қауымдастығы» Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны, Аутизммен ауыратын балаларға арналған облыстық бірлестігі, РАЦтемомка жалпы сомасы1 млн. теңгелік сертификаттармен марапатталды.

Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі 27 мыңға жуық адам тұрады, олар өз уақытында әлеуметтік қолдау алады. 2018 жылы 12 мыңнан астам мүгедектерге техникалық, гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық өнімдермен және санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етілді. Жалпы, мемлекет мүгедектерді әлеуметтік қолдау үшін 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Stan.kz 

14 қаңтар 2019 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 138

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 91

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 112

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031