» » Теміржол билеттерін қайтарғанда айыппұл ұсталмайды

Теміржол билеттерін қайтарғанда айыппұл ұсталмайды



«Жолаушылар тасымалы» АҚ ағымдағы жылдың 15-ші қаңтарынан бастап бағасына байланысты билеттердің деңгейін дифференциациялау мақсатында жол жүру билеттерін қайтарғаны үшін 1000 (мың) теңге көлемінде енгізілген айыппұлды алып тастады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Жолаушылар қызметі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айыппұл номинальды құны 3500 теңгеге дейінгі билеттерге ғана алынып тасталады. Аталған шара жолаушылар тарапынан түсіп жатқан өтініштерді өңдегеннен және саралағаннан кейін қабылданып отыр.Бұл ретте, Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігінің 2015 жылдың 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы теміржол көлігіндегі жүкбагажын, багажды, жолаушыларды тасымалдау ережесінің» №255 тармағына сәйкес билет бағасы 3500 теңгеден жоғары болса қайтарылған жағдайда 1000 теңге көлеміндегі комиссиялық алым салынады.
Аталған шара билеттерді заңсыз қайта сатумен күресу мақсатында қабылданған болатын, бұл орайда жолжүру құжатын қайтару 30% қысқарды.            




https://kyzylorda-news.kz
15 қаңтар 2019 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031