» » Елімізде ұрлық әрекетін қайталған адамға қатаң жаза қолданылатын болды

Елімізде ұрлық әрекетін қайталған адамға қатаң жаза қолданылатын болды

Енді бірнеше рет жасалған ұрлық үшін 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылып отыр.

ÐлÑмÑзде Ò±ÑлÑÒ ÓÑекеÑÑн ÒайÑалÒан адамÒа ÒаÑаң жаза ÒолданÑлаÑÑн болдÑ


Ұрлықты қайталағаны үшін жауапкершілік күшейтілді, деп жазады Zakon.

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша Заң аясында Қылмыстық кодекске ұрлықты қайталағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін түзетулер енгізілді.

Түзетулерге сәйкес бірнеше рет жасалған ұрлық "ауырлығы орташа" қылмыс санатынан "ауыр қылмыс" санатына ауыстырылды. Бұл айыпталушыны тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігінен айырады.

Бұған дейін бірнеше рет жасалған ұрлық үшін айыппұл немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік қарастырылған еді.

Енді бірнеше рет жасалған ұрлық үшін 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылатын болады.

Бұл түзету сол бір тұлғамен жасалған ұрлықты қысқартуға бағытталған. Заңға енгізілген түзету осы жылдың 2 ақпанынан бастап күшіне енеді.


ERNUR.KZ
31 қаңтар 2019 ж. 144 2

Гость Jeaplause от 22 ақпан 2019 14:05
Epogen Priligy Kaufen levitra with dapoxetine reviews Order Nexium Online Canada Cialis Es Malo

Гость Jeaplause от 11 наурыз 2019 23:53
Costo Levitra Online Is Zithromax Okay For Breastfeeding tadalafil cialis from india Canada Pharmacies Buy Canada Pills Viagra