» » КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Апта басында Т.Жүргенов ауылындағы «Сарығасқа жылқы», «Нұрбек», «Күнтуаров», және Жаңаталап ауы­лын­да­­ғы «Кадиров», «Әбілтаев» шаруа қожалықтарына барып­ қайттық. Ондағы мақсат – ауыл тұрғындарының хал-жағ­дайын білу, денсаулықтарын тексеріп, түсіндірме жұ­мыс­та­рын жүргізу.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, әділет басқармасы, «Қаз­пошта» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ау­дандық бөлімі, денсаулық сақ­тау саласы, аудандық жұмыспен қам­ту, әлеуметтік бағдарламалар жә­не азаматтық хал актілерін тіркеу бө­­лімінің өкілдері шалғай жерде ор­на­ласқан малшы отбасыларға қо­ғам­дық қа­былдау өткізді.
Онда тиісті мамандар отбасы мү­шелерінің табысы, балалардың құ­жаттары мен мектепке баратын бар­май­тындығы жөнінде сұраса, ақ халаттылар үлкен кісілердің жүрегін аппаратқа түсіріп, қан қысымын өлшеді.
Ауылдан шалғайда күн кешіп отырған отбасылардың жағдайлары жақсы, денсаулықтары тұрақты деуге болады. Айтуларынша, ас-су, отын-көмірден мәселе жоқ көрінеді. Таза ауада мал күтімімен отырған тұрғындар құқықтық кеңес алып, мамандармен азын-аулақ тілдесті.

Н.АЛМАС.

02 ақпан 2019 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930