» » ҚАЖЫМҰҚАН ПОДДУБНЫЙДЫ ЖЕҢГЕН БЕ?

ҚАЖЫМҰҚАН ПОДДУБНЫЙДЫ ЖЕҢГЕН БЕ?

Бұл сұрақ талай адамның көкейінде жүргені анық. Орыс­тар өздерінің, біз өзіміздің палуанымызды жеңді деп ойлаймыз. Сөз жоқ екеуі де мықты. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Қапсағай денелі азаматтардың өздеріне лайық тұлғалары мен батырға тән мінездері болған.
Енді жоғарыдағы сұрақтың жауабына келейік. Қажымұқан жайлы кеңестік заманда кино түсірілді. Дәлірек айтсақ, 1985 жылы «Знай наших!» деген атпен жарық көрген киноға Бақытжан Есжанов, Георгия Мартиросян, Александр Панкратов-Чёрный қатысқан. Осы киноның мазмұнына мән берсек, бір жиында Қажымұқан мен Поддубный күреседі. Екі алыптың белдесуінде Поддубный Қажымұқанды көтеріп көкірегіне қойып, өзінің мойнын қайыра басын тіреп шалқалап жатады. Мұндай әдісті әдетте палуандар қарсыласы қапсыра құшақтап, екі иығын жерге тигізгелі жатқанда қолданады. Кинода үстіндегісі жеңді (победил тот кто сверху) деп айтылады. Ал, үстінде біздің Қажымұқан атамыздың болғанын анық көр­сетеді.
Кеңестік заманның қылышынан қан тамып тұрған сәтте, Қажымұқанды жеңді деп дәлелсіз айтпаған шығар. Үстіндегісі жеңді деп астарлап жеткізілген шындықтың астарында сіз бен біз білмейтін әлі талай ақиқат болуы мүмкін.
Белдескенде қарсыласының барлығын алып ұрып жыққан да, ырқына көнбеген жапонның бас терісін сыпырған да осы Қажымұқан бабамыз.
Бұл оқиға былай болған. 1912 жылы Қытайдың Харбин қаласында күрестен әлем чемпионаты өтеді. Балуандардың бәсіне біздің Қажымұқан бабамыз бен оның досы Поддубный да қатысқан. Ре­сейдің атынан шығып тұрған бұл екеуі қар­сыласының барлығын жеңеді. Бас жүлде де Қажымұқан мен Поддубныйға тең бөлініпті. Бірақ, ұйымдастырушылар құйтырғы әре­кет жасап, атақты Саракикиді жапон кү­ресі бойынша жыққан адамды жеңімпаз деп танитындықтарын айтады. Сонымен, Қажымұқан атамыз Жапонияның чемпионы, джиу-джитсуды жетік меңгерген, жапон күресі бойынша қарсыласының барлығын жеңген Саракикимен белдеседі. Кейбір деректерде қос алыптың айқасын «Смертельная схватка» (Өлім айқасы) деп те атаушылық бар. Себебі, күрес кезінде жеңіс үшін түрлі әдістерді жасап, бір-бірін өлтіріп алса, кешірім жасау қарастырылған көрінеді. Қажымұқанды қайтсем жығам деген Саракики жапон күресінің әдістеріне салып, қол-аяғын қайырып ауыртпақ та болыпты. Екеуі ұзақ белдескен. Саракики мысықша ұмтылып, Қажымұқанның құлағын жаралап, ернін қанатып, денесін қан-жоса етіп тырналап тастапты. Қажымұқан ақыры болмаған соң Саракикиді төбесінен асыра лақтырып, үстіңгі ернінен ұстап, бас терісін сыпырып алғанға ұқсайды.
Жапондар Саракикидің өлімін әртүрлі етіп көрсетеді. Бір деректерде оны жынданып өлді десе, енді біреулері жүрек талмасынан көз жұмды дегенді айтады. Қажымұқан мен Саракикидің арасында «Өлім айқасы» болғаны ақиқат. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Екі мықтының айқасында Қажымұқанның жеңгені шындық.
Енді біздің киногерлер ұрпаққа үлгі болатындай Қажымұқан жайлы кино түсірсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
02 ақпан 2019 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 123

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 80

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 101

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031