» » РУХАНИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТАР КӨРМЕ

РУХАНИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТАР КӨРМЕ

«№19 санаторлық бөбекжай-бақ­­­­­­­ша» қызметкерлерінің арасында «Ру­хани жаңғыру – ел дамуының ке­пілі» атты байқау өтті.
Байқаудың ашылуында ­Елба­сы­­ Жол­­­­дауының басым бағыт­та­­­­ры­ның бі­рі білім саласына ­ар­нал­­­­­­­­ған жел­кенді кеме саяхатқа шы­­­­­ға­рылып, театр­лан­ды­рылған кө­­­­рініс қойылды. Байқау ал­дында­ «Ұлт­тық рухты ұлықтаған арулар» тобының ұйым­дас­тырушысы Б.Іздібаева, «Асыл мұра» тобының ұйым­­­дас­­ты­ру­­шысы С.Байтуғанова, «Сұң­­­қар»­ тобының ұйым­­­дастырушысы Л.Сү­гірова, «Ұлы да­ла қырандары» то­­­бының ұйым­­дас­ты­рушысы Б.Бақ­ты­ба­­ев­ әр топ­­тың өзі­нің ұранымен таныс­ты­­рып, өнер­ле­рін ортаға салды.
Ал, байқаудың негізгі кезеңінде бөбекжай қызметкерлері өз идеяларымен жасаған қолөнер бұйымдарымен таныстырды. Көптің көзайымына ай­налған бұл көрмеге қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрыптарын су­рет­тей­тін ұлттық нақыштағы бұйымдар қой­ылған. Оның ішінде қазақтың киіз үйі, алтын адам, қазақы ою-өр­нек­термен әшекейленген ыдыстар, ұлт­тық киімдер де бар. Сонымен бірге, қол­дан жасалған кілемше, жіппен то­қылған құмыра, хас шеберлердің қо­лы­нан шыққан домбыра, қобыз және тағы басқа да бұйымдар көрмеге ­қой­ы­­­­­­­­­лыпты. Әсіресе, мұндағы қыз­мет­керлер жасап шыққан қабырға сағаты көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

– Бөбекжай қызметкерлері арасында осындай байқаулар жиі ұйым­дастырылып тұрады. Сол арқылы өз­­­дерінің шығармашылығы артып, жан-жақты ізденісі, идеялары же­ті­ле­ді. Өздеріңіз көріп отыр­ғандай осы бай­қауға қойылған бұйым­дардың бар­лығын өзіміздің қыз­­­­­­­меткерлер, тәр­бие­шілер жасап шық­ты. Негізі Елба­сының «Бола­шақ­қа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­­ламалық мақаласында та­рих­тың өт­ке­ніне көз жүгіртіп: «Ұлттық жаңғыру де­геніміз – ұлттық санамен тығыз бай­­ланысты. Оның түпкі мақ­са­ты – ұлт­­тық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бей­­бітшілік пен келісім үйлесе оты­рып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табыс­ты ел болу» деп анықтап айтқан бола­тын. Осы орайда біз де түрлі шара­ларды ұйымдастырып келеміз. Ал­­дағы уақытта да осындай байқаулар ұйым­дастырылатын болады, – дейді бө­бек­жай басшысы А.Кайранбаева.
Байқау соңында әділқазылар алқа­сының шешімімен «Асыл мұра» тобы бас жүлдені жеңіп алса, екінші орын «Сұңқар» тобына бұйырды. Ал, келесі орындарды «Ұлттық рухты ұлықтаған ару­лар» мен «Ұлы дала қырандары» то­бы өзара бөлісті.

Н.АБСАТТАРОВА,
«№19 санаторлық бөбекжай-бақша» әдіскері.

27 ақпан 2019 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031