» » Қазақстан Қытайдан 100 миллиард теңгеден аса қарыз алмақ

Қазақстан Қытайдан 100 миллиард теңгеден аса қарыз алмақ

Қазақстан Қытайдан 2 миллиард юань көлемінде қарыз алмақ. Бұл біздің теңгеге шаққанда, 100 миллиард теңгеден асады. Қаржы министрлігіндегілер қаржының Түркіменстан, Өзбекстан және Қытаймен шекарадағы кеден өткізу бекетін жөндеу үшін қажет екенін айтады. Еліміздің қаржы министрі Әлихан Смайылов қазынада қаржы бар екенін, алайда мемлекет үшін қарыз алу тиімді екенін айтып отыр, деп хабарлайды КТКарнасына сілтеме жасап Stan.kz.


ÒазаÒÑÑан ÒÑÑайдан 100 миллиаÑд Ñеңгеден аÑа ÒаÑÑз алмаÒ
Министр Әлихан Смайылов мәліметінше, Түркіменстан, Өзбекстан және Қытаймен шекарадағы 10 кеден өткізу бекетін жөндеуден өткізу керек. Сондықтан ол Қытайдан қарызға ақша алу керектігін айтады. Өз кезегінде Қытай біздің мәселелерді шешуге келісіпті. Олар 2 миллиард юань көлеміндегі несиені жеңілдікпен беретінін уәде еткен көрінеді. 

Алайда депутаттар неліктен қарыз алу керектігін түсінбей отыр. Сонда мемлекет бюджетінде қаржы жоқ па?

«Кейінгі кезде Үкімет сырттан қарыз алу тәжірбиесі тұрақты түрде ұстанып келе жатыр. Сондай-ақ, сырттан алынған қаражаттар көп жағдайда ұтымды пайдаланбайтындығы туралы айтылған. Осыған байланысты осы жобаны өзіміздің бюджет есебінен іске асыруға болады деген ой туындайды», - дейді мәжіліс депутаты Анар Жайылғанова.

Смайыловтың сөзінше, қазынада ақша бар. Алайда оған тиіспеген дұрыс, дейді. Мемлекетке 2 пайыздық мөлшермен 20 жылға қарыз алу және ақырындап есептесу тиімдірек. Басқа қаржы институттарының пайыздық мөлшерлемесі жоғары болыпты. Министрдің сөзінше, Қазақстанның Қытай алдында мемлекеттік қарызы жоқ. 

«Өзге қаржы ұйымдары жылына 3,4 пайыздық мөлшерлемемен оның үстіне доллармен беруге келісіп отыр. Ал, біз юаньмен аламыз. Мұның тиімді жағы бар. Соңғы үш жылда біздің ұлттық валюта 10 пайызға, юань 5 пайызға әлсіреді. Демек, бұл жерде доллармен алғаннан гөрі юаньмен алған бюджетке түсетін ауыртпалықты анағұрлым азайтады», - дейді Әлихан Смайылов.

Әр кеден өткізу бекетіне есептелген қаржы да күдік тудырды. Депутат Серік Сейдуманов бір жыл бұрын ғана осындай жоспардағы бір кеден нысанына 70 миллиард теңге жұмсалғанын еске салды.

«100 млрд теңгеге 10 өткізу бекетін жөндеп техникамен жабдықтамақсыз ба? Мәселен, Алматы облысындағы «Нұр жолы» бекетіне 70 млрд теңге жұмсайсыз? Неге мұндай айырмашылық шығып тұр? Қаржыны жеткізе аламын деп ойлайсыз ба?» - дейді Сейдуманов.

Смайылов бұл он  бекеттің аумағы кішірек екенін, сондықтан қаржының артығымен жететінін түсіндірді. Өткізу жүйесінің барлығы автоматтандырылып, өз кезегінде ол жемқорлықты төмендетуі тиіс. Сонымен қатар қарызға алынған ақшаның жартысынан көбі қытайлық құрылғыларды алуға жұмсалады. Бұл ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Нәтижесінде депутаттар қаржы министрінің ұсынысымен келісіп, заң жобасын Сенатқа жіберді. Егер заң жобасы мақұлданса, Қытайдан қарыз алу туралы келісімшартқа сәуір айында қол қойылады.

Stan.kz 

07 наурыз 2019 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 247

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 296

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930