» » ГАУХАР АШҚАН АСХАНА

ГАУХАР АШҚАН АСХАНА

Әйел – отбасының ұйтқысы, шаңырақтың берекесі ғана емес, шаруашылықтың қай саласында болсын, өзінің лайықты бағасын алып жүрген еңбеккер.
Қай істі болсын ұршықша иіріп әкететін әйелдердің тындырымдылығы, тиянақтылығы мен ұқыптылығы өз алдына, жаңа заманға бейімделгіштігі мен ізденгіштігі де қадірін еселей түскендей. Нәзік жандылардың іскерлігі өздері қолға алған істен көрініс табады. Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркениетті ел болуы жолында еңбек етіп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүр. Өзіміздің ауданымыздан да әртүрлі кәсіп ашып, еңбекпен ел ықыласына бөленіп отырған аналар аз емес. Солардың бірі – кәсіпкер Гаухар Дәрібаева.
Гаухар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша өткен жылы қаржылай грантқа қол жеткізді. Алдымен, арнайы оқу курсына қатысып, аспазшы мамандығын оқып шықты. Мұнан соң өзінің ойға алған ісін бастап, кент орталығынан түрлі тәтті тоқаштарды дайындайтын асхана ашты.
– Кәсібіме шығармашылық жұмыс ретінде қараймын. Әр мамандықтың өзіндік қиындығы, қызығы болады. Алдағы уақыттарға жоспар құрып, қай деңгейден көріне алатынымды, қанша адаммен қалай жұмыс істейтінімді, жұмысымды одан әрі қалай қанат жайдыратынымды, оның орнықтылығын, деңгейін алдын ала жоспарлай отырып, жұмысымды арттырып отырамын. Көштен қалмау керек қой. Көштен қалдым дегенше елден қалдым дей бер. Сондықтан, жылдан жылға өсіп өркендеу үшін талпынып, жаңа өрлеумен жұмыс жасағым келеді. Былтыр аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы арқылы құжат дайындап, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған грантқа қол жеткіздім. Ол қаржыға асханаға қажетті құрал-жабдықтар алып, сұранысқа сай нан өнімдерін дайындай бастадым. Қазіргі таңда бұл кәсібімді одан әрі кеңейту жолын қарастырудамын. Алдағы уақытта тұтынушы талғамына сай асханада пісірілетін тәттілерді көбейтіп, тағы да қажетті құрылғыларды алу ойда бар, – дейді кәсіпкер.
Қолға алған кәсібін одан әрі дамытып, әр ісіне тыңғылықты қарап, кәсібін нәсіп етіп отырған Гаухардың базар маңынан ашылған асханасына бара қалсаңыз ыстық тағамдармен бірге, түрлі сусындарды да ішуге мүмкіндік бар. Ең бастысы, өзінің іскерлігін дәлелдеп, ешкімге тауелді болмай өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр.

Н.ЖАНҰЛЫ.

07 наурыз 2019 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30