» » АРДАГЕР АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕР АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кеше аудандық емханада 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Аналарға құрмет" атты денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуді амбулаторлық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ә.Бекбергенова ашып, аталған саланың аға буын ардагерлері мен кейінгі буын қызметкерлерін көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген мерекелерімен құттықтап, ұйымдастырылған шараның қазірде медицина саласында қызмет атқарып жүрген жастар үшін тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті және ардагер аға-апалардың жастарға әрдайым тәжірибелері мен ақыл-кеңестері керек екенін жеткізді. Одан соң сөз алған денсаулық сақтау саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Кәметов көктемгі мереке иелеріне құттықтауын арнап, дамыған заман, жаңарған ғаламмен бірге медицина саласына да сағат санап жаңалықтар еніп жатқанын және сол жаңа технологияларды меңгерген білікті мамандарға деген сұраныстың артып келе жатқанын тілге тиек етіп, адам жанының арашасысы - ақ желеңді абзал жандарға артылған жауапкершілік жүгінің ауыр екеніне тоқталды. Ал, Жалағаш ауданы әйелдер кеңесінің төрайымы Ә.Мәдиева сөз кезегінде өзі басшылық жасап отырған қоғамдық ұйымның жұмысына қысқаша тоқталып өтті.
- Тіршіліктің бастауы - осы көктем айы. Өмірдің бастауы - осы мерекелік шарада бас қосып отырған ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер Сіздерсіздер! Бұл салада еңбек еткен әрбір дәрігер, әрбір мейірбикелер жай күндері де халықтың құрмет-қошеметіне бөленуі тиіс. Өйткені, медицина саласында қызмет жасайтын әрбір маманның жауапкершілігінде адам өмірі тұр. Жыл санап аудандық әйелдер кеңесінің жұмысы жанданып келеді. Аудандағы әрбір ардагер аналар, қыз-келіншектер біздің назарымызда, олар аудандық әйелдер кеңесі ұйымдастырған шаралардың ешбірінен тыс қалмайды. Соның ішінде осы медицина саласының қызметкерлері көп белсенділік танытып, бой көрсететіні қуантады. Сондықтан бүгін Сіздерді мерекелеріңзбен құттықтап, отбастарыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін, - деді Әсия Сауранбайқызы. Шара барысында Ә.Мәдиева ардагер аналарға мерекелік сыйлығын ұсынып, құттықтау хат тапсырды.
Сондай-ақ, өзге де ардагерлер мереке қарсаңында өздеріне көрсетілген құрметке алғыстарын жеткізді. Шара соңын Әсия Мүсілімқызы қорытындылап, іргелі ұжымның атынан ардегерлерге сый-сияпат көрсетті. Мерекелік шараны жүргізген бас мейірбике Айнаш Талқанбаева аудандық денсаулық сақтау саласының бүгінде қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Одан әрі медицина саласының қызметкерлері мерекелік кештің көркін ән-жырмен кіргізді.

Қ.АХЕТОВ.
07 наурыз 2019 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30