» » 21 мың теңге жәрдемақы: Көпбалалы отбасылардың төрт түлігі есептеле ме

21 мың теңге жәрдемақы: Көпбалалы отбасылардың төрт түлігі есептеле ме

Еліміздің еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова көпбалалы отбасыларға 21 мың теңге жәрдемақы тағайындағанда жеке шаруашылығы ескерілетін-ескерілмейтіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

21 мÑÒ£ Ñеңге жÓÑдемаÒÑ: ÐÓ©Ð¿Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ñ Ð¾ÑбаÑÑлаÑдÑÒ£ ÑÓ©ÑÑ ÑүлÑÐ³Ñ ÐµÑепÑеле ме

Өз сөзінде Жақыпова жәрдемақыны тағайындау барысында отбасының төрт түлігін есепке алу мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзіретінде екенін айтты.

«Қазір шаруашылықтың бәрін көтереді. Негізі, заң бойынша атқарушы органдар жеке шаруашылықты кіріс ретінде санай ма, жоқ па, оны өздері шешеді. Мұндай құқық атаулы әлеуметтік көмек туралы заңның 7-бабымен берілген. Бүгінде бір ғана облыс жеке шаруашылықты кіріс деп санамайды. Бірақ қай аймақ екенін айтпаймын. Жалпы, жеке шаруашылықтың кірісін бағалау нормативтері бар. Мысалы, сиыр ет берсе, осыншама табыс береді. Сүт қана берсе, осыншама деген сияқты. Сиырды асырау үшін қанша шөп кетеді, бұның бәрі нормативте көрсетілген», - дейді вице-министр. 

Министрдің орынбасарының сөзіне қарағанда, бұл мәселе әлі де қаралады. Сонымен қатар ол көпбалалы жанұяларға жәрдемақы тағайындаған кезде оларға берілетін бірқатар әлеуметтік төлемдердің есептелінбейтінін атап өтті. 

Stan.kz
12 наурыз 2019 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930