» » Әбілқасымованың әріптесі: Тағы бір ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Әбілқасымованың әріптесі: Тағы бір ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Мәди Тәкиев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ÐÓди ТÓкиев

«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Мәди Төкешұлы Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінеді хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін Әсет Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылды. Ол премьер-министрдің өкімімен ҚР премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мәди Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Алматы қ., Алматы облысы бойынша Салық департаментінде жұмыс істеген.

2012–2013 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басқарма басшысы. 2013–2014 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды. 2014 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.

Stan.kz 
12 наурыз 2019 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031