» » Әлемге әйгілі қазақ математигі туған жеріне оралып, игі іс бастады

Әлемге әйгілі қазақ математигі туған жеріне оралып, игі іс бастады



Атақты қазақ математигі Түркістанда өз мектебін ашуды жоспарлап отыр
Әлем ғалымдары жылдары бойы бас қатырған "Нагата проблемасын" шешіп, айды аспанға бір-ақ шығарған қазақ ғалымы туған жері – Түркістанда өз мектебін ашпақшы, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Математиканы тереңдетіп оқытатын мектеп соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және Америка математика қоғамының жоғары дәрежелі "Мур" сыйлықтарының иегері Уалбай Өмірбаевты қабылдауы кезінде мәлім болды.
Облыс әкімі әлемдік деңгейдегі ғалымның туған еліне келіп, мектеп ашып, еңбек етуі бұл өңірдің экономикалық-ғылыми тұрғыда дамуына өзіндік үлес қосатынына бек сенімді.
"Нагата, Кон сынды әйгілі математиктердің есебін шешкен, әлемге Қазақстанды танытқан ғалымның туған өңіріне бет бұруы, әрине бізді қуантты. Экономика, өндіріс салалары математика ғылымымен тығыз байланыста дамиды. Ғалымдардың ғылыми жаңалықтарының арқасында өнім артады", - деді әкім.



Ғалым жергілікті әкімдік тарапынан қолдау боп тұрса, Түркістанда болашақта жоғары математикалық мектеп ашуға да ниетті екенін айтты.
Айта кетелік, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Уалбай Өмірбаев бүгіндері әлемдегі озық жоғары оқу орындарында дәріс оқып келеді. Ол 1972 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жапон ғаламы М. Нагатаның есебін 2001 жылы, ағылшын математигі П.Конның есебін 2004 жылы шешті. Бүгіндері ол АҚШ-тың Детройт штатының Уейн унивеситетінде дәріс береді.

sputniknews.kz
13 наурыз 2019 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031