» » Жастықты ұзартуға көмектесетін кеңестер

Жастықты ұзартуға көмектесетін кеңестер

ÐаÑÑÑÒÑÑ Ò±Ð·Ð°ÑÑÑÒа көмекÑеÑеÑÑн кеңеÑÑеÑ

Әрбір адам барынша ұзағырақ жас болып қалғысы келеді. Уақытты кері қайтара алмаймыз, бірақ өзіңізді жас сезінуге көмектесетін бірнеше әдіс ұсынамыз.

Темекі тартпау немесе темекіні тастау
Темекі тарту әжімнің түзілуіне ықпал етеді, себебі қан тамырларын тарылтады және терінің жоғарғы қабатына қан құйылуын шектейді. Сонымен қатар, темекі тарту рак, жүрек-қан тамырлар аурулары және өкпе ауруларының тууына ықпал етеді.

Достармен араласу
Достармен араласу жанға пайдалы. Нақты адамдармен өткізген уақыт тұрғылықты орын мен жұмыс орнына қарағанда өмір ұзақтығына көбірек әсер береді.

Креативті болу
Креативті болыңыз! Сол арқылы өзіңізді бақыттырақ сезінесіз, жеңіл ойлана бастайсыз және өмір сүру сапасын арттырасыз. Шығармашылық күшіңізді жұмсайтын бағытты іздеңіз. Бір зерттеуде адамдардан жаңа шығармашылық бағыт таңдауын сұрағанда, көбі сурет салу немесе ән айтуға қарағанда актерлік шеберлікті қалайтынын айтқан. Сондықтан, актерлік шеберлігіңізді байқап көруіңізге болады.  


Спортпен айналысу
Сізге жаңа спорт түрін үйренудің қажеті жоқ. Бақшада жұмыс істегеніңіз немесе серуендегеніңіз жеткілікті. Ең аз дегенде аптасына 2,5 сағат уақытты белсенді өткізу жүрекке пайдалы. Бұлшықетке арналған бірнеше жаттығу жасаңыз. Сол кезде өзіңізді жақсырақ сезінесіз, жас көрінесіз және позитивті ойлай бастайсыз. Физикалық жүктеме диабеттің, гипертонияның (жоғарғы қан қысымы) және жүрек ауруларының алдын алады.

Күннен қорғайтын құралдар қолдану
Күн сәулесі тері зақымдалуының, соның ішінде әжімдер мен пигментті дақтардың пайда болуының негізгі себебі болып табылады. Күннен қорғайтын құралдарды қолдануда жіберілетін қателіктер туралы оқыңыз.

Макияжбен әуестенбеу
Зерттеулер бойынша, әйелдер басқаларға тартымды көріну үшін макияж мөлшерін асыра бағалап жібереді екен. Макияждың көптігі теріге өз зиянын береді және өз жасыңызды жасырып тұрғандай ой тудырады.

Әрдайым ізденісте болу
Алдыңызға жаңа міндеттер қоюды жалғастырыңыз, сол кезде ақыл-ой қабілетін артырасыз. Жаңа физикалық дағдылар үйренсеңіз, одан әрі жақсы болады. Мысалы: билеу, балық аулау, домбыра үйрену және т.б. Ол бір уақытта жаттығуға және адамдармен араласуға мүмкіндік береді. Физикалық белсенділік пен адамдармен араласу ой мен дене жастығын сақтауға көмектеседі.

massaget.kz
13 наурыз 2019 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 211

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 267

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930