» » Шымкентте жүгеріні терең өңдейтін өндіріс орны жұмысын бастады

Шымкентте жүгеріні терең өңдейтін өндіріс орны жұмысын бастады

Шымкент қаласында жүгеріден қант алмастырушы табиғи шәрбат шығаратын цех іске қосылды.

ШÑмкенÑÑе жүгеÑÑÐ½Ñ ÑеÑең өңдейÑÑн өндÑÑÑÑ Ð¾ÑÐ½Ñ Ð¶Ò±Ð¼ÑÑÑн баÑÑадÑ


Шымкент қаласында елімізде баламасы жоқ бірегей жоба іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «АлиКа групп» компаниясы жүгеріден алынатын глюкоза-жеміс шәрбатын өндіретін цехын іске қосты. Онда жүгеріні терең өңдеу арқылы қант алмастырушы табиғи шәрбат шығаруды қолға алған. Өнім сиропты кондитерлік өнім өндірісінде, сусын шығаруға қолданылады екен. Өндіріс цехы күніне 2 тоннаға жуық өнім өндіреді. Сондай-ақ, серіктестік қалдықсыз технологияны да меңгерген. Өндірістен қалған сығындыдан биожем шығарып отыр. Өндіріс орны жүгеріні Отырар ауданынан алады. Серіктестік биыл жер алып, өздері жүгері егуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде жүгері шаруашылығының дамуына да өзіндік септігін тигізеді.

Аталған өндіріс орны алдағы уақытта тек жергілікті өндірушілерге ғана емес, шетелдік компанияларға да өнімін саудалауды көздейді.


ERNUR.KZ
14 наурыз 2019 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (9497)

21 наурыз 2019 ж.

№20 (9496)

12 наурыз 2019 ж.

№19 (9495)

07 наурыз 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031