» » 22 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

22 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

Наурыз мейрамы
Көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша наурыз ай аты емес, тек бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл айды соғдылықтар «наусарыз», хорезмдіктер «наусарджи», армяндар «навасарди», чуваштар «норас-ойахе» деп атаған. Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. Қазақстанда Наурыз мейрамы - Мемлекеттік мейрам. 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі.

1990 жылы Алматыда «Ана тілі» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді.

1995 жылы
 «Азық-түлік корпорациясы» мемлекеттік компаниясы құрылды. Компанияның басты мақсаты болып еліміздің стратегиялық астық қорын сақтау, мемлекеттік астық қорына жауапкершілікпен қарау, ішкі астық нарығын және астық экспортын тұрақтандыру табылады.

1995 жылы «Қазпошта» Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл болып есептелетін «Наурыз» мейрамына арналған пошталық маркалар шығарды.

 1997 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлыбританияға ресми сапары барысында Букингем сарайына барды және Елизавета II патшайыммен кездесті.

2001 жылы қазақстандық «Ұлытау» тобы алғаш рет өз өнерлерін ортаға салды. 2005 жылы топ «Жұмыр қылыш» атты 10 композициядан тұратын жеке альбомын жарыққа шығарды. «Ұлытау» тобының продюсері - әнші Қыдырәлі Болманов.
22 наурыз 2019 ж. 154 0