» » Тырысқақ қауіпті ауру

Тырысқақ қауіпті ауру



            Тырысқақ – Жедел ішек инфекциясы тобына жататын, аса қауіпті  жұқпалы ауру. Тырысқақтың қоздырғышы –Холера вибрионы болып табылады. Аурудың жұқпа көзі-науқас адамдар және вибрионтасымалдаушылар, әсіресе іші өткен, құсқан науқастар аса қауіпті. Олар сыртқа көп мөлшерде тырысқақтың қоздырғышын бөліп шығарады. Тырысқақтың қоздырғышы науқас адамның нәжісі, құсығы арқылы суға, тамаққа, киім-кешекке, ыдыс-аяққа, көрпе-төсекке т.б. жерлерге түседі. Ауру адамның ауыз арқылы да жұғады
Тырысқақ ауруының таралуына, әсіресе судың маңызы зор. Қоздырғышпен ластанған суды ішкенде, шаруашылыққа пайдаланғанда немесе жеміс-жидектерді, көкөністерді жуып, шайған кезде адамға жұғады. Әсіресе су арқылы жұққан кезде ауру бір мезгілде бұрқ етіп, халық арасында лезде тарайды.Тырысқақтың қоздырғышымен ластанған тамақты ішкен адамдар ауруға шалдығады. Қоздырғыштың азық-түлікке түсуіне көбінесе вибрион тасымалдаушылар себеп болады. Тырысқақтың қоздырғышы өтежұққыш. Ауруды шыбындар да таратуы мүмкін. Олар қоздырғышты науқастың нәжісінен немесе құсығынан тамаққа, азық-түлікке, көкөніске тасымалдайды. Тырысқақ вибрионы адамның аш ішегін зақымдайды, денені қатты улайды.
Бұл қауіпті кеселдің инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 5 күнге дейін көбінесе 2-3 күнге созылады. Тырысқаққа тән нәрсе аурудың бірден жедел түрде, аяқ астынан басталуы. Аурудың алғашқы белгісі іштің өтуі. Науқастың іші ауырмайды, дерттік күшену болмайды, нәжісі сұйық, түсі лайлы ақ түсті келеді. Сұйықтықта жүзген үлпекті көруге болады. Науқастың нәжісі күріштен жасалған қайнатпаға қатты ұқсас, іші жиі өтеді. Үсті –үстіне құсады. Құсықтың түрі де күріштен жасалған қайнатпаға өте ұқсас болады.
Алдын алу жолдары. Аурудың алдын алу мақсатында жаз мезгілінде тексеріліп, белгіленген жерлерге шомылып, көкөніс және жеміс-жидектерді суға жуып пайдаланған аса маңызды. Сондай-ақ жеке бас гигиенасын, әсіресе балалар арасында қатаң сақтау қажет. Ауыз суды міндетті түрде қайнатып ішу керек. Ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық айдындардың, арықтардың суын пайдаланбаңыз. Дайындалған тағамдардың ашық қалдырмаңыз. Жылдам шығарып отырыңыз және үй іші мен аулаңыздың тазалығын сақтаңыз. Ас ішер алдында, сырттан келгенде, дәретханадан кейін қолдарыңызды сабындап жуыңыз. Тамақ дайындау, сақтау, тасымалдау ережелерін сақтау қажет.        
Денсаулығыңыздың мықты болуы әркімнің тек өз қолында екенін естен шығармаңыздар.


                       Жалағаш аудандық  Қоғамдық
               денсаулық сақтау басқармасының
                                       басшысы                                                                         О.М.Аханов
15 наурыз 2019 ж. 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 221

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 276

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930