» » ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Сыбайлас жемқорлық белең алған салада қай уақытта да серпін болмасы сөзсіз. Ондай ортада істің ілгерілеуі қиындап, жұмыс тұралап қалады. Сондықтан қоғам дертімен күрес қай ортада болсын бірінші кезекке қойылуы заңдылық.
Елбасы да Қазақстанда жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретінін айтқан болатын.
Расында, бұл індет соңғы жылдары қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Ол мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу бола отырып, болашағына кері әсерін тигізері сөзсіз. Жемқорлықтың алдын алуда еліміздің барлық аймағында жиындар мен кездесулер өтіп, тиісті органдар тарапынан бақылау да күшейді. Десе дедерт азаяр емес.
Жалпы Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында да, бағдарламалық мақалалары мен стратегияларында бұл кеселмен күресу шараларын бірінші кезекке қояды. Мәселен, «Қазақстан – 2050» стратегиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды мемлекеттің басым бағыттарының бірі еткені сөзімізді қуаттайды. Бұл қоғамның барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тартуға сеп болары сөзсіз. Ұлт көшбасшысы өзінің «100 нақты қадам - Ұлт Жоспарында» да  сыбайлас жемқорлық мәселесін басым бағыттардың бірі ретінде көрсетті. Сондықтан, құлқынның қамын ойлағандардың теріс әрекеті ел дамуына кері әсерін тигізбеуі үшін дертке қарсы күресте жұдырықтай жұмылғанымыз жөн болады. Біз осы кеселмен күресу арқылы өскелең ұрпаққа да жемқорлықтың үлкен дерт екенін ұғындыра аламыз. Кейіңгі буынның мемлекеттің келешегі екенін ескерсек бұл шараралырдың қарқын алуына жұмыс жасағанымыз абзал болады.
Жалпы қоғам дертімен күресті әр адам өзінен бастаса, тек елде ғана емес, Әлемде бұл кеселдің тамыры кеңге жайылуына жол берілмес еді. Өкінішке орай қарабастың қамын ойлап жаза басатындардың салдарынан біз үлкен шығынға ұшырап жатамыз. Жемқорлық ел экономикасының өркендеуіне, бәсекелік қабілеттің төмендеуіне, мемлекеттің халықаралық беделіне кері әсерін тигізетіндіктенәр қайсымыз осы елдің бір азаматы ретінде өзімізді алшақ ұстауымыз қажет.

Дастан Бахтияров,
Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.
28 наурыз 2019 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30