» » 2021 жылға дейін бірреттік пластик ыдыстарға шектеу қойылады

2021 жылға дейін бірреттік пластик ыдыстарға шектеу қойылады



Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Европарламент пластиктан жасалған бір рет қолдануға арналған ыдыс-аяқтарды Еуроодақ территориясында 2021 жылдан бастап шығаруға және сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Deutsche Welle.


Пластик ыдыс-аяқтар, мақта таяқшалары, сусын ішуге арналған түтікшелер Еуропада қолдануға тыйым салынатын заттардың қатарына кіретін болады. Экологиялық тұрда қауіпсіз баламасы жоқ пластик заттарды, мысалы пластик стақандар мен тағам өнімдерінің қаптамалары тәрізді заттардың қолданылуын шектейді.

Заң жобасына сәйкес, Еуроодақ мемлекеттері осы мәселеге орай өз бетінше шара қолданулары тиіс. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін Еуропада 77% пластик бөтелкелер пластик қоқыстармен бірге кәдеге жаратылуы тиіс. 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш 90%-ға жоғарылайды.

Әлем мұхиттарындағы барлық қоқыстың 85%-ы пластиктан жасалған заттар. Ал оның жартысынан көбі бір рет қолданылатын пластик бұйымдары.

BAQ.KZ.


28 наурыз 2019 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30