» » Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенатта комитет төрағасы болып сайланды

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенатта комитет төрағасы болып сайланды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммед сайланды.


Жиын барысынада Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кандидатурасын ұсынды.

«Мұхтар Абырарұлы қоғам және мемлекет қайраткері. Ол «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, мемлекеттік хатшы, министр, облыс әкімі болған. Аса жауапты лауазымдарда қызмет атқарған, білімді және тәжірибелі депутат», - деді Дариға Назарбаева. 

Сенаторлардың бірауыздан  қолдау туралы шешімімен Мұхтар Құл-Мұхаммед Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы болып сайланды.

Әділет МҰСАХАЕВ.

Фото: ашық дереккөз

BAQ.KZ
28 наурыз 2019 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

№93 (9569)

26 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 446

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 437

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031