» » Қояндар туралы қызықты мәліметтер

Қояндар туралы қызықты мәліметтер

Stan.kz қояндар туралы ересектер мен балалар білуі тиіс қызықты 10 мәлімет ұсынады.

ÒоÑÐ½Ð´Ð°Ñ ÑÑÑÐ°Ð»Ñ ÒÑзÑÒÑÑ Ð¼ÓлÑмеÑÑеÑ


1.    Қоянды Антарктидан басқа барлық континеттен кездестіруге болады. 

2.    Кеңінен тараған түсінікке қарамастан, қояндар ет жемейтін жануар емес. Олар етті ынталана жейді.

3.    Сонымен қатар, қояндар біз ойлағандай зиянсыз жануар емес. Олардың өткір тырнақтары бар күшті артқы аяқтары – нағыз қорқынышты қару. Әрине, қоянның сипаты мынадай: олар тек тығырыққа тірелгенде ғана қорғанады. Әйтпесе, ол өзін қуған қауіптен барынша қашып құтылуға тырысады.

4.    Қоян кездесетін барлық жерлерде олар аң аулау объектісі болып табылады. Және олар өте белсенді түрде көбейетіндіктен ғана әлі күнге дейін жойылып кеткен жоқ.

5.    Қояндар алдыңғы табанымен барабанның даңғырын шығару арқылы, бір-бірімен сөйлеседі.

6.    Оларға берілген «қисық» деген лақап атқа қарамастан, шын мәнінде қояндар қыли емес. Қоянға қыли деген атауды аңшылар бұралаңдаған жылдам жүгірісі мен ізді шатастыру әдетіне байланысты берген.

7.    Айтпақшы, қояндар жүгіру кезінде себеппен себепсіз бұралаңдамайды. Олардың сол және оң жақ артқы аяқтары туғаннан асимметриялы болып келеді.

8.    Қауіптен қанша қашса да, қояндар өзінікі деп есептейтін аумақты тастап кетпейді.

9.    Жүгіру кезінде қояндар сағатына жетпіс шақырым жылдамдыққа дейін жүгіре алады.

10.    Қояндар қажет болғанда, колобок тәрізді жылжу арқылы төмен қарай тез түсе алады.

11.    Ұрғашы қоян орташа есеппен алсақ еркегіне қарағанда екі есе ұзақ өмір сүреді.

12.    2. 5 миллион жыл бұрын жойылып кеткен ең ірі Менорка қоянының салмағы жиырма келіге жетуі мүмкін еді.

13.    Қоянның тістері өмір бойы өседі. Сондықтан оларды қайрау үшін қояндарға қатты нәрсені кеміруге тура келеді.

14.    Кейбір жағдайларда ұрғашы қояндар алғашқы көжегін туғанға дейін қайтадан жүкті болып қалуы мүмкін.

15.    Кәдімгі қоян мен ор қоян сияқты бір-біріне ұқсайтын осындай жануарлардың ортақ ұрпақтары болуы мүмкін емес.

Stan.kz 
28 наурыз 2019 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031