» » Қазақстанда Ми-8 тікұшақтарының қолданысы тоқтатылды

Қазақстанда Ми-8 тікұшақтарының қолданысы тоқтатылды

ÒазаÒÑÑанда Ðи-8 ÑÑкұÑаÒÑаÑÑнÑÒ£ ÒолданÑÑÑ ÑоÒÑаÑÑлдÑ

Қазақстан Қарулы Күштерінде Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың қолданысы тоқтатылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан  Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Ми-8 үлгісіндегі армиялық авиацияны қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді тексерісінің қорытынды кезеңін өткізу тоқтатылды. Шектеулер авиациялық апаттың себептері анықталғанша және біртипті әуе кемелерінде оларды болдырмау жөнінде кешенді алдын алу шаралары өткізілгенге дейін енгізілді», - делінген хабарламада. Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі -  13 адам қаза тапты.   


inform.kz
28 наурыз 2019 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031