» » Қызылордалық полицейлер жазғы киім үлгісіне көшті

Қызылордалық полицейлер жазғы киім үлгісіне көшті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитовтың, департамент және қалалық полиция басқармасы  жеке құрамының қатысуымен жазғы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті.

Жергілікті полиция қызметі ғимаратының алдында жеке құрам, яғни тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер, учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары, аналитиктер мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері сап түзеп, саптық байқауға тұрғызылды. Саптық байқауды Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Асылхан Абдреев басқарды.
Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, шаш үлгісі, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды.
Одан әрі саптық байқау жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Полиция қатарына жаңа қосылған 10 жас маман қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Қ.Мұхитов полиция қызметкерлерінің қатарын толықтырған әскери қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, оларға әскери қызметте сәттілік тіледі. Әскери өмірге аяқ басқан жас буынды айтулы күндерімен ішкі істер органы ардагерлерінің атынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай да құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
Жазғы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын қызметкерлердің шеруімен аяқталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
07 сәуір 2019 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 123

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 80

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 101

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031