» » Жұлдыз Омарбекова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Жұлдыз Омарбекова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Жұлдыз Омарбекова еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде жаңа қызметке келді. Ол министрдің орынбасары атанды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ÐұлдÑз ÐмаÑбекова аÒпаÑÐ°Ñ Ð¶Óне ÒоÒамдÑÒ Ð´Ð°Ð¼Ñ Ð²Ð¸Ñе-миниÑÑÑÑ Ð°ÑандÑ

«ҚР үкіметінің қаулысымен Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінеді хабарламада. 

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.


Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген. 2013–2014 жылдары Алматы Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы, 2014–2015 жылдары — Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 


2016–2018 жылдары Nur Otan партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымын атқарған.


  Stan.kz.
10 сәуір 2019 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30