» » Қазақстан президенті болып кім сайлана алады?

Қазақстан президенті болып кім сайлана алады?

2019 жылы ТМД елдерінің екі мемлекетінде, Қазақстан мен Украинада, президент сайлауы өтеді. Украинада алғашқы турда Владимир Зеленский жеңіске жетті. Қазақстанда ең жоғарғы мемлекеттік постқа кім сайлануы мүмкін екенін және еліміздегі шоумендерді неліктен сайлауға жібермегенін айтып өтейік.

ÒазаÒÑÑан пÑезиденÑÑÑгÑне кÑм Ñайлана аладÑ?

ҚР президенті болып:

1.
Тумысынан Қазақстан азаматы болған;

2. 40 жастан асқан;

3. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген;

4.15 жылдан бері Қазақстанда тұратын (тұрған уақыты ОСК-мен нақтыланады);

5. Жоғары білімі бар;

6. 5 жыл мемлекеттік қызметте істеген не мемлекеттік лауазымға сайланған;

7. Республикалық қоғамдық бірлестік ұсынғандар (саяси партиялар, кәсіби кеңес немесе өзге тіркелген бірлестіктер атынан). 2017 жылы президенттікке үміткерлердің өзін-өзі ұсынуына тыйым салатын заңға қол қойылды;

8. Қазақстан Республикасы президентінің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы жоқтар;

9. Сот жазасына кесілмеген азаматтар, заңда белгіленген тәртіппен төленбеген не өтелмеген қылмыстық жазалары жоқтар;

10. Жемқорлық қылмыс пен жемқорлық құқық бұзушылық ісімен сотта кінәлі деп танылмаған азаматтар.

"Болжам бойынша, (аздап ескірген) шамамен 12 млн адамның тек 1,5 миллионы ел президентіне өз кандидатурасын ұсынуға құқылы (барлық тіркелген партия мүшелері). Неліктен болжам бойынша? Себебі нақты сандар жоқ. (ОСК-да да солай екеніне сенімдімін). 2009 жылы жүргізген санақ сәтсіз болды.

Осылайша, өз үміткерін ұсынуға ел халқының 12%-ы ғана құқылы. 

Ел халқының шамамен 100 мың азаматы немесе ересек адамдардың 1 %-ы сайлауға түсе алады. Олар 5 жылдан кем емес уақытта мемлекеттік қызметте болған азаматтар", - деп есептеді журналист Айнаш Керней. 

"Зеленскийдің қазақстандық нұсқасы бұл жолғы сайлауда болмайды", - деді саясаттанушы Досым Сәтбаев. 

Қазақстанда кезектен тыс өтетін сайлау туралы Жарлыққа ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. 

Сайлау болатыны жарияланған күннің ертесінен бастап үміткерлер ұсынылады. Сайлауға екі ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де тоқтатылады. 

Егер үміткер ұсыну мерзімі аяқталған күні екі үміткерден көп адам тіркелсе, онда Орталық сайлау комиссиясы тіркеу мерзімін 20 күнге дейін ұзартады. 

stan.kz
10 сәуір 2019 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031