» » Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайызға дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайызға дейін төмендетті

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық пункт деңгейіндегі пайыздық дәлізде сақтай отырып, 9 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz қаржы ұйымының қызметіне сілтеме жасап

ҰлÑÑÑÒ Ð±Ð°Ð½Ðº базалÑÒ Ð¼Ó©Ð»ÑеÑÐ»ÐµÐ¼ÐµÐ½Ñ 9 пайÑзÒа дейÑн ÑөмендеÑÑÑ

Жылдық инфляция наурызда нысаналы дәліздің ортасынан төмен болып қалыптасты. Инфляциялық күтулердің төмендеуі жалғасты. Сыртқы секторда бірқатар оң үрдіс байқалып отыр: негізгі сауда әріптестері елдерінде инфляцияның бәсеңдеуі, сондай-ақ, сыртқы шикізат нарықтарындағы бағаның өсуі.

«Сонымен қатар инфляция құрауыштарының теңгерімсіздігі факторы оның одан кейінгі серпініне қатысты белгісіздігіне әсер етуде. Инфляцияның қосымша өсуі халық табысының өсуін бюджеттік тұрғыдан ынталандырады. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім инфляцияның ағымдағы серпінінің және ағымдағы жылға арналған болжамдарының сәйкес келуіне, сондай-ақ, 2020 жылға арналған күтулерге қатысты қабылданады», - делінеді хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляция ағымдағы жылғы наурызда 4,8%-ды құрады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы ағымдағы жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 6,0%-ға жетіп, жылдық серпіннің біртіндеп баяулағанын көрсетті. Азық-түлік тауарларының бағасы инфляцияның өсуіне аздаған үлесті қамтамасыз ете отырып, 2018 жылғы наурызбен салыстырғанда 2018 жылғы наурызда 6,7%-ға өсті. Ақылы қызметтің бағалары мен тарифтерінің жылдық өсуі 1,2%-ға дейін бәсеңдеді, бұл табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтерін төмендету жөнінде қабылданған шараларға байланысты.

«Инфляциялық күтулер жалпы инфляцияның төменгі деңгейі аясында төмендеуде. Инфляцияның алдағы 12 айда күтілетін мәні халықтың пікірінің наурыздағы деректері бойынша 4,5% болды. Жалпы инфляцияның деңгейінен төмен инфляциялық күтулерді қалыптастыру болашақта инфляцияны тұрақтандыруға оң ықпал ететін болады», - дейді Ұлттық банктің баспасөз қызметіндегілер.

Халықтың іскерлік белсенділігі мен кірістерінің өсуі жалғасты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылдың қорытындысы бойынша жылдық көрсетуде 103,6% болды. Тау-кен өндіру өнеркәсібі (6,3%), көлік (4,4%), сауда (7,6%), ауыл шаруашылығы (3,6%) өсуге оң үлес қосты. Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі екі айда өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 4,2% болды.

Экономикадағы ішкі сұраныс халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсуімен, сондай-ақ банк секторындағы тұтынушылық кредиттер портфелі кеңеюінің сақталып отырған үрдісімен ынталандырылады.

Сыртқы секторда қалыпты-жағымды ая байқалады. Мұнайдың бағасы жоғары деңгейде қалыптасты. Сыртқы монетарлық талаптар базалық мөлшерлеме бойынша алдыңғы қабылданған шешіммен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ, олардың ағымдағы әсері бейтарап ретінде бағаланды. Қытайдағы және ЕО-ғы инфляция осы елдердің нысаналы бағдарынан төмен деңгейде қалыптасты. Соған қарамастан, Ресейден жоғары инфляция импортының тәуекелі сақталып отыр.

Базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қарамастан, ақша-несие талаптары бейтарап болып қалуда. Базалық мөлшерлеме бойынша ағымдағы шешім 2019-2020 жылдарда 4-6%-дық нысаналы дәліз шегінде қалыптасқан инфляциялық аяны бақылауды сақтауға және әлеуетті мәндер деңгейінде экономикалық өсуге ықпал етуге мүмкіндік береді.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де жарияланады.


 
15 сәуір 2019 ж. 93 0