» » Жамбыл облысында ірі жол апатынан 11 адам қаза болды

Жамбыл облысында ірі жол апатынан 11 адам қаза болды

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент» автожолының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам көз жұмды. Тағы 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыс оқиға туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. "20 сәуір күні таңғы 04:15-те «Алматы-Ташкент» автожолының 181-шақырымында Toyotа Camri жеңіл автокөлігі осы бағытта жүріп бара жатқан Mersedes-Bens 814 жүк көлігінің артына соғылған.
Апат салдарынан жеңіл көлікте отырған әйел оқиға орнында көз жұмды. Сол сәтте Шымкент қаласынан Алматы қаласына бет алған Van Hool автобусы апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болып, аударылып қалды. Автобустағы 46 жолаушының  8-і оқиға орнында қаза болды. 46 азаматтың 44-і Өзбекстан азаматтары, 2-еуі - қазақстандық",-делінген мәлімдемеде.
Мәліметке сай, оқиға орнына жедел түрде Қордай ауданының әкімі, жедел жәрдем, төтенше жағдай қызметтері жетіп, зардап шеккендерді Отар, Қордайдағы ауруханаларға жеткізді. Апатқа ұшырағандардың 2-еуі ауруханаға жетпей көз жұмғаны белгілі болды. Жалпы, апат салдарынан 11 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр.
20 сәуір 2019 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9552)

28 қыркүйек 2019 ж.

№75 (9551)

24 қыркүйек 2019 ж.

№74 (9550)

21 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031