» » САПАЛЫ ЖОЛ – ЕЛ ИГІЛІГІ

САПАЛЫ ЖОЛ – ЕЛ ИГІЛІГІ

Ауданда соңғы екі жылда жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Бұл өз кезегінде жолаушылардың және көлік иелерінің жол жүру кезіндегі жайлылығына оң әсерін тигізуде. Нәтижесінде, қазіргі таңда аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолының 22,4 шақырымы ғана қанағаттанарлықсыз жағдайда. Бүгінде көрсетілген мөлшердегі көшелерге де жөндеу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, кент орталығынан бөлек ауыл іші жолдарының сапасына да мән беріліп келеді.
Өткен жылы аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 8 шақырымының орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленген еді. Жоба құны – 172,7 млн теңгені құрайды. Былтыр республикалық бюджеттен 90,8 млн теңге бөлініп 4 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл аталған елді мекендегі жолдың қалған шақырымын аяқтау мақсатында облыс тай­қазанынан 81 878 мың теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, қазіргі таңда мердігер мекеме де анықталды. Бұйыртса, жуырда «Қызылорда Жолдары» ЖШС 4 шақырым жолдың жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Бұл өз кезегінде тек Еңбектің халқы үшін тиімді болып отырған жоқ. Көршілес Есет батыр мен Жаңадария ауылының халқы да Қызылорда мен аудан орталығына қатынарда осы жолдың үстімен өтеді. Сондықтан, қыруар қаржымен көне көшені қалыпқа келтіру жұмыстары үш бірдей елді мекеннің хал­қы үшін тиімді болып отыр.
Мұнан бөлек, аудандық бюджеттен бөлін­ген 1,9 млн теңгеге «Самара-Шымкент-Мәде­ни­ет-Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль­ жолының 9,4 шақырымының орташа жөн­деу жұмыстарына және «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жо­лы­ның 8-20,3 шақырымының орташа жөндеу жұмыс­та­рына жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Қазіргі таңда аталған құжат ведомстводан тыс кешенді сараптамадан да өтіп тұр. Бұл жобаларды биыл ел қазынасынан қаржыландыру мақсатында өтінім де беріліп қойды. Апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы құны 281,6 млн теңгені құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленген болатын. Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге биыл республикалық бюджеттен 138,7 млн теңге, облыстық бюджеттен 14,3 млн теңге қаралды. Бүгінде осыған орай, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Қазіргі таңда аудан бойынша ұзындығы 206,5 шақырымды құрайтын 202 көшенің 66,8 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Осы ретте жол жөндеу жұмыстарына келсек, алдымен аудан орталығындағы көшелерді жөндеу қолға алынады. Осыған орай кенттегі 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Өткен жылы облыс қазынасынан 3 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына 200 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде, Бұқарбай батыр, Абай және Нысанбай жырау көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл осы көшелердің жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен тағы да 532,9 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекемелер жөндеу жұмыстарын жақын күндері бас­тайды деп күтілуде. Яғни, осы жылы аталған үш көшенің жөндеу жұмыстары толық аяқталады.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ.

23 сәуір 2019 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

№93 (9569)

26 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 472

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 462

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031