» » ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫ

ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫ

Тарих және мәдениет ескерткіштері­нің өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен па­т­­риотизмге тәрбиелеуде, елдің еңсесі мен рухын көтеруде, бірлігі мен бауыр­мал­дығын арттыруда тағы­лым­­дық және тәр­биелік маңызы зор. Осыған орай, аудандық тарихи-өлкетану му­зейінде «Ескерткіштер – ел тарихы» ат­ты тарихи-танымдық шара өтті.

Шараға мектептердегі тарих пәнінің мұғалімдері, жергілікті өлкетанушылар, еңбек ардагерлері және оқушылар қатысты. Басқосуда сөз алған қаламгер Жақсылық Адамбаев, Раушанбек Смағұлов, "Қазақ тілі" ҚБ филиалының төрайымы Дина Мирман, аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог-маманы Арыстанбек Байғабылов, аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім меңгерушісі Нарбота Серәлі аудан көлеміндегі бірқатар ескерткіштердің маңыздылығын айтып, киелі орындардың тарихын баяндады. Сондай-ақ жастарды ата-бабаларымыздан мирас болып қалған тарихымыз бен мәдениетімізді, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміз бен тарихи мұраларымызды қорғау мен қамқорлыққа алу жұмыстарын жандандыруға үндеді.

– Өткен тарихқа көз жүгіртсек, музейдің жаңа экспозициясы алғаш рет 1999 жылы, яғни, Жалағаш ауданының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Сол жылдан бастап музей көне дәуірден сыр шертер жәдігерлер – ауданның қазіргі тарихы, мәдениеті мен өнерінен мәлімет беретін экспонаттармен толыға бастады. Тасын түртсең шежіресі сайрап қоя беретін Жалағаш топырағы түрлі тарихи ескерткіштерге бай, қойнау-қатпары ашылмаған құпияларға толы киелі өңір десек қателеспейміз. Қазіргі таңда Жалағаш ауданының территориясында орналасқан 61 тарихи және мәдениет ескерткіштің ішінде ежелгі және ортағасырлық қалалар мен қоныстар ерекше маңызға ие. Өткен тарихтан сыр шертетін олардың көпшілігінің тіршілік мерзімі б.д.д. ІІ мыңжылдықтың, екінші жартысы – б.д. І мыңжылдығының бас кезіне жатады. Сырдарияның ежелгі арналары – Іңкәрдария мен Жаңадария бойында Шірік-Рабат мәдениетін құрушы апасиақ тайпасының сақтары мекен еткен ежелгі қоныстардың орындары мен жерлеу құрылыстары орналасқан, – деді баяндамашылар.
Иә, басқа өңірді айтпағанда киелі Жалағаш топырағының өзінде ежелгі қалашықтар мен мәдени-ескерткіштер көптеп кездеседі. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін суреттейтін бұл киелі жерлердің қатарында көне асар төбелер де бар. Шара барысында жергілікті тарихшылар мен жазушылар туған өлкедегі қасиетті жерлерге әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
Жалпы, бізге дейін Жалағаш жерін игерген баба­ларымыздың қолданған бұйымдары, олар мекендеген қалашықтар осы жиында толық талқыланды. Олар тұтынған металл бұйымдар мен саймандар жайы «Ұлы даланың жеті қырымен» сабақтастырыла айтылды.
Шараны қорытындылаған аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Қожатай Құлмахан жойылып кету алдында тұрған бірқатар мәдени-тарихи ескерткіштердің арғы жағында баба­лардың санғасырлық тарихы жатқанын айтып, өңір­дегі көне қалалар мен асар төбелерді әлі зерттеу мәселесін атап өтті.
Одан әрі тағылымды кеш соңын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен әрлеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

27 сәуір 2019 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

№93 (9569)

26 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 446

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 437

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031