» » БІЛГІРЛЕР БӘЙГЕСІ

БІЛГІРЛЕР БӘЙГЕСІ

Аудандық тарихи өлкетану музейінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты ерікті жас­тар арасында интеллектуалды ойын өтті.
Тартысты дода 2 кезең бойынша ұйымдастырылып, онда барлығы 4 команда бақ сынады. Ойынның мақсаты ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің 27 жылдығын атап өту болғандықтан жалпы жастарға қазақ тарихы, мемлекеттік рәміздер және түрлі салалар бойынша сұрақтар қойылды. Интеллектуалды ойында «Қызылорда облысының жас­тар одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрғасы Серік Әбіл, аудандық тарихи өлкетану мұражайының қызметкері Қанат Жапақов және аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Нарбота Серәлі төрелік жасап, кіл мықтылар арасынан ең мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша ұпай сандары басым түскен «Мәңгілік» командасы жүлделі І орынды иеленсе, ІІ орынды «Қызғалдақ» командасы жеңіп алды. Қалған ІІІ орын «Жүргенов жастары» командасына бұйырса, «201 city» командасы белсенді қатысушы ретінде марапатталды. Барлық жеңімпаздар дип­ломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Айта кетейік, бұл шара аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық «Жас­тар ресурстық орталығының» қолдауымен өткен болатын.

Н.ЖАНҰЛЫ.

30 сәуір 2019 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031