» » Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жолдады

Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жолдады

Еліміздің бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рамазан айына байланысты үндеу жолдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Серікбай қажы Ораз барша қазақстандықтарды қасиетті айда игілікті істер жасауға шақырған.
"Рамазан –қайырымдылық пен ізгіліктің айы. Алланың ризашылығы үшін әрбір мұсылман өзінің нәпсін тыйып, 30 күн бойы ораза ұстап, ішуден жеуден тыйылса, оразаның сауабы есебінен оның күнәсіне кешірім болады. Сондықтан қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айында көптеген қайырымдылық іс-шараға белсене қатысуға шақырамын", - дейді бас мүфти.
Еске сала кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 6 мамырдан басталады. Ал Айт мерекесі 5 маусымға, қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге сәйкес келіп отыр. Биыл Рамазан айы 30 күнге созылады.
Пітір садақаның мөлшері жан басына шаққанда 300 теңге деп белгіленген.
01 мамыр 2019 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30