» » 1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді

1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді

Тұзды кетіру – ағзадағы 60 пайыз ауруды емдегенмен бірдей.

â1 дана ÐÐРТÐÐ + 1 ÒаÑÑÒ ÐÐÐ = желке мен мойÑндаÒÑ Ð¢Ò°ÐÐЫ кеÑÑÑедÑ


Әлем елдерінің 1/3 бөлігі мойын мен желкеге жиналған тұздан зардап шегуде. Жас талғамайтын бұл ауруды емдеуге халық емі де өз үлесін қосуда. Желкедегі тұзды жою үшін біз сіздерге үй жағдайында жасай алатын ем түрлерін ұсынамыз.

Тұз жиналудың басты белгілері:
басыңыз ауырады және айналады; қан қысымыңыз бірден көтеріледі; қолдарыңыз ұйып қалады; жауырын мен көкірек айналасында ауырсыну болады; арқаңыз бен беліңіз ауырады; бойыңызды әлсіздік билеп, тез шаршайсыз. Міне осындай жайсыздықтар сезіле бастаса, демек желкеге немесе мойынға тұз жиналды деген сөз. Мұның соңын айықпас дертке ұластырмай, аурудың алдын алыңыз.

Қыздырғыш компресс
300 гр. медициналық спиртті, 10 гр-нан камфар спирті мен йодты араластырыңыз. Оған ұнтақталған 10 дана анальгин дәрісін қосыңыз. Дайын болған қоспаны желкеңізге, мойныңызға жағып, сыртынан жылы орап қойыңыз. Осылайша 4-5 емнен соң-ақ оң нәтижесін байқайсыз. Бал + алоэ компресі


150 гр. араққа 100 гр. ерітілген бал мен 50 гр. алоэ сөлін араластырасыз. Дайын болған қоспаны ауырған жерге жағып, жатыңыз. Емді тәулігіне 2 рет жасау керек.
Сарымсақ + зімбір компресі
Сарымсақ пен зімбірді майда үккіштен өткізесіз. Қоспаны мойынға, желкеге массаж жасай отырып жағыңыз. Егер құрғақ болса аздап ерітілген сары май немесе ментол қосуға болады.

Шайқурай майынан компресс
Алдымен майды дайындап аламыз. Ол үшін 150 гр. үгілген шайқурай (зверобой) гүлі мен 0,5 литр шырғанақ (облепиха) майын араластырасыз. Ыдысымен ыстық суға салып, бұлау жасаңыз. Шамамен 30 минуттан соң майды салқын жерге қойыңыз. 3 күннен соң дайын болған емдік майды жақсылап шайқап алып, мойын мен желкеге жағасыз. Емделу мерзімі – 10-12 күн. Картоп + бал компресі







1 дана үгілген картоп пен 1 ас қасық жылы балды араластырып, қатты матаға жағыңыз. Оны ауырған жерге таңып, сыртынан жылы орап қоясыз. Бұл емді үзбей 3 күн жасасаңыз, мойындағы, желкедегі тұздан біржолата құтыласыз.

Қаймақ + майтамыр компресі
1 дана майтамырды (окопник) жылы суға тазалап жуып алып, еттартқыштан немесе үккіштен өткізіңіз. Үгілген өсімдік пен қаймақты бірдей көлемде алып, жақсылап араластырыңыз. 2 сағаттай бетін жауып тұндырып қою керек. Белгіленген уақыттан соң компресті қатты матаға жайып, мойныңызға, желке тұсыңызға қойыңыз сыртынан целлофан жауып, жылы орайсыз. Компресс 20 минут тұру керек. Емді тәулігіне 3-4 рет қайталаңыз. Май + жұмыртқа компресі



фото: baggout.com
Жүгері ұны мен 3 пайыздық сірке суды араластырыңыз. Оған көпіршітілген жұмыртқа мен 0,5 стақан өсімдік майын қосасыз. Қоспаны банкіге құйып, бетін жауып тоңазытқышқа қойыңыз. 2 күннен соң банкіні жақсылап шайқап алып, ем ретінде тұз байланған жерлерге компресс жасайсыз.

Осы компресті көрсетілген мерзімге дейін үзбей қолданып жүрсеңіз, желке мен мойынға мініп алған ауырлықтан арыласыз. Өзіңізді жеңіл сезініп, бойыңызға сергектік сыйлайсыз. Тұзды кетіру – ағзадағы 60 пайыз ауруды емдегенмен бірдей. Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дайындаған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ

03 мамыр 2019 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930