» » ЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

ЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Аудандық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі және Отан қорғаушылар күніне орай «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосуға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, этнос өкілдері және мектеп оқушылары қатысты.
Шараны кітапхана әдіскері Раушан Қалиева жүр­гізіп, аталған мерекелердің маңызына тоқталды.
– Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Бүгінгі шарамыз да осынау бірлік мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне арналып отыр – деді ол.
Ардагер ұстаз Галина Иванченко Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жас­тарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталып, жастарға ақыл-кеңесін айтты.
Айта кетейік, есiмi аудан жұртшылығына белгілі ұлағатты ұстаз Галина Николаевна кент орталығындағы №31 мектеп-гимназиясында 45 жыл мұғалім болып, талай шәкіртті шың биігіне шығарды. Елдiң баласын оқытып, тәрбиелеуде ерекше құрметке ие болған ол 1989 жылы «Қазақ ССР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi» атағын алса, 2011 жылы Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналған мерекелiк төсбелгiмен марапатталды. Сондай-ақ облыс әкiмiнiң «Ең үздiк мұғалiм» сертификатын, “Құрмет грамотасын”, «Алғыс хаттарын» иелендi. Оған қоса ардақты ана «Күмiс алқа» иегерi. Өзiнiң саналы ғұмырын ең сауапты iс – бiлiм беруге арнаған Г.Николаевна бүгiнде мыңдаған шәкiртiнiң жеңiсiмен мақтанады. Шара барысында жас­тармен пікір алмасып, ізгі тілегін жеткізді.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкері, лейтенант Сәкен Мұхиддин ел тыныштығын күзФетіп жүрген азаматтардың еселі еңбе­гін әңгімелеп, оқушы­лардың сұрақтарына ­жауап­ берді.
Шара соңында өнерлі жастар патриоттық ән шыр­қап, өлең-жырдан шашу шашты.

Н.ЖАНҰЛЫ.

07 мамыр 2019 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031