» » ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаракеткен және М.Шәменов ауылдық округінің жастарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында орталықтың бөлім басшысы Н.Серәлі жастар саясатының жүзеге асырылуы барысымен және Жастар жылын атап өтудің кешенді іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Сонымен қатар аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы А.Сағындық кәсіп бас­таушы жастарға қайтарымсыз грант, кәсіпкерлерге 6 пайыздық үстемемен несие беру, қысқа мерзімді оқыту бағ­дарламаларын түсіндірді.
М.Шәменов ауылындағы шарада жастардың ұсыныс-пікірлері де ескеріліп, қайтарымсыз грант алуға 8 жұмыс­сыз жас ниетті екенін білдірді. Ал бала күтіміндегі жас аналар «COWORKING» орталығына келу арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету бөлмесінің көмегін пайдаланатын болды. Сондай-ақ «Zhas project» жобасы бойынша жеңімпаз атанған 1 жас қайтарымсыз грант арқылы кәсібін жалғас­тыруға мүмкіндік алды.
– Қаракеткен ауылдық округінің жастарымен пікір алмасу барысында жастардың ұсыныстары тыңдалып, нәтижесінде кешкі мезгілде спорт алаңында тұрақты спортпен шұғылдануы үшін жұмыс кестесі бекітілді. Енді ауыл жастары бұл уақытта спорт нұсқаушысымен жұмыс жасайтын болады. Қыздар үшін тігін үйірмесін ашу және тұрақты түрде жұмысын жүргізу ұсынылды. Ауыл жастары «COWORKING» орталығына келіп, қажетті ақпараттар алуға және бос уақытын тиімді өткізетін болып келісілді. Жазғы демалыс уақытында ауыл жастарына арналған арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, түрлі бағытта шаралар ұйымдастырылатын болады, – дейді жастар ресурстық орталығының мамандары.
Мұнан соң «NEET» санатындағы жастармен адрес­тік жұмыстар жүргізіліп, үнпарақтар таратылды. Ал­дағы уақытта да жастармен пікір алмасу, мемлекеттік бағ­дар­ла­маларды насихаттау шаралары жүргізілетін болады.


07 мамыр 2019 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031