» » Ақтөбеде қырдың үстінде пайда болған "Алла" деген жазу жұртты таңғалдырды (фото)

Ақтөбеде қырдың үстінде пайда болған "Алла" деген жазу жұртты таңғалдырды (фото)

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы төбелердің бірінен тұрғындар ерекше құбылысты байқады. Жол бойындағы төбешіктің үстіндегі қарауытқан тастар "Алла" деген жазуға ұқсайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Жергілікті тұрғындар бұл құбылысты Жаратушының құдіреті деп жүр. Себебі төбе үстіндегі тастарға қыста қар түспейді екен. 

"Бұл төбедегі жазу соңғы он жылдықта пайда болды. Қыста үстіне қар түспейді, жазда ол жерге шөп өспейді. Жергілікті тұрғындар жазуды "Алла" деп оқып жүр. Бұл жазуға қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан нақты айту қиын, бірақ бір ерекшеліктің бары анық", - дейді Қарғалы ауданы әкімдігінің қызметкері Асхат Айжарықов.

Дін қызметкерлері де таспен жазылған жазудың арабша "Алла" деген сөзге ұқсайтынын растап отыр. 

"Бұл жазу арабша "Алла" деген жазуға аздап ұқсайды. Бірақ, нақты емес. Ал осы секілді жоталарда немесе төрт түлік малдың үстіне "Алла" деген жазудың көрініс табуы – Алланың құдіретінің бір белгісі. Мұндайды көргенде Жаратушы Иемізге мадақ-мақтау айтқан жөн.

Алайда, мұндай жазулар өзіміз күнде көріп жүрген Құдайдың құдіретінен (күннің шығуы, батуы, жердің айналуы т.б.) артық құбылыс дей алмаймыз. Өйткені адамның өз бейнесінде (дене-бітім, ақыл-парасат, сезім мүшелері) Құдайдың құдіретін көрсететін белгілер бар екендігін құранда айтылады.

Алланың құдіретін көргіміз келсе, сабақ алғымыз келсе, ағаштан үзіліп түскен жапырақ та біз үшін өнеге", - дейді Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан.   
 


13 мамыр 2019 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930