» » Қызылорда облысындағы ауылда құрылысқа қажетті өнімдер шығарылады

Қызылорда облысындағы ауылда құрылысқа қажетті өнімдер шығарылады


Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Сырдария ауданының Шіркейлі ауылында құйылмалы еден, жаңбырлы сылақ, левкас, кафельге арналған желім секілді құрылысқа керекті өнімдер шығарылып жатыр.


«Шіркейлі» жеке кәсіпкерлігі цехының меңгерушісі Нұрсұлтан Сайлаубаевтың айтуынша, цехтың халыққа дайын өнім ұсынып жатқанына 1 жылға жуықтады. Азғана уақытта тұтынушылары көбейіп, тапсырыс артқан. Қазіргі күні цехта жұмысшылар 2 ауысым бойынша еңбек етіп жатыр.
«Цехты кәсіпкер Сейтқамал Сұлтанов ашты. Сол азаматтың бастамасымен жоба іске асуда. Мұнда 8 адам жұмыс істейді. Олар өзіміздің ауылдың тұрғындары. Барлығы өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінеді. Мен де цех ашылғаннан еңбек етіп келемін. 1 жыл ішінде аймақтағы алыс-жақын елді мекендерге танылдық. Күн жылынды, қазір құрылыс жұмыстары қызатын кез. Сондықтан тапсырыс артпаса, азаймайды деген үмітіміз бар. Оның үстіне өнімдеріміздің сапасы жақсы. Бағасы да тиімді. Сұраныс болғасын жұмыс та жүреді, жалақы да уақытылы беріледі», – дейді Нұрсұлтан Сайлаубаев.

Шіркейлі ауылының әкімі Талғат Құланқадыровтың айтуынша, «Шіркейлі» кәсіпкерлігі құрылыста пайдаланатын эмульсия мен қара қағаз шығаруды да жоспарлауда. Оған қажетті қоспаларды облыс орталығыған алдырмақ.

Ауыл әкімінің айтуынша, былтыр «Jas prodject» жобасы аясында елді мекеннің 2 жас тұрғыны жеңімпаз болған. Біреуі кіші футболдан команда жасақтап, салауатты өмір салтын қалыптастырып жатса, екіншісі, қолөнер саласы бойынша жұмыс істеуде. Сонымен қатар, ауылда 7 азамат «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша оқыса, 6 тұрғын «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша 240 мың теңгеден қайтарымсыз қаражатқа ие болды. Солардың ішінде кондитерлік цех, балық шаруашылығы, көлік жөндеу орталығы тәрізді жобалар жүзеге асқан.

 
Фото: ашық дереккөз
BAQ.KZ


17 мамыр 2019 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 262

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930