» » "Сарқытты қолданбау керек": Еліміздің бас санитары мәлімдеме жасады

"Сарқытты қолданбау керек": Еліміздің бас санитары мәлімдеме жасады

Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин ішек ауруларынан сақтану үшін мерекелік дастарханнан үйге алып келетін дәмнен алыс болу керектігін айтып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Күн ысығында ішек инфекциясының артуына алаңдаған Жандарбек Бекшиннің көпшілікке айтары бар.
"Ішек аруруларынан сақтану үшін келесі ережелерді сақтаған жөн. Кәмпит және құрғақ конидтерлік өнімдерді есептемегенде мерекелік дастархан алып келетін сарқытты қолданбау керек", - дейді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.
Алайда бас санитардың бұл ұсынысын дәстүрге берік адамдар қолдамаған.
"Дастарханда қалған сарқытты алу керек. Өйткені, ол дастарханның басында ұлы, дана адамдар отыр. Сарқытты келісіп бөліп алып, үйіндегі балаларына, немерелеріне "сендерге жұғысты болсын", "алыңдар", "жеңдер" деп апарып береді. Қазіргі сарқыттың мән-мағынасы сол", - деді Алматы облысының тұрғыны Мейрамгүл Бекжанова.
Ал этнограф Гүлім Қабдолдинаның айтуынша, сарқыт  ғұрыптық мәнін жоғалтпаған ежелгі дәстүрдің бірі.
"Тойханада жасайды тойды. Одан көп нәрсе ысырап болып қалып қалады. Сондықтан үй ішінде "балалар ауыз тисін" деп салып алған өте дұрыс. "Гигиеналық талаптарға сай келмейді" деп дәстүрден бас тартуға болмайды. Біздің қазақтың дәстүріндегі қай ырымын, қай тыйымын алмайын, көрегендік жатыр әр жағында", - деді этнограф Гүлім Қабдолдина.
29 мамыр 2019 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 135

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 89

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 107

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031