» » Елімізде 1 шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгереді

Елімізде 1 шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгереді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлайды. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, Компанияға қарасты барша бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады. Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни алыпсатарларға жемқорлықпен айналусыға тосқауыл қойылмақ. «Жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейтінін ескертеміз», - Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді.
01 маусым 2019 ж. 183 0